Лев Толстой шіркеуден неге қуылды?

Лев Толстой шіркеуден неге қуылды?

Орыстың ғана емес, әлемнің ұлы жазушысы Лев Толстой өте діндар адам болыпты. Шіркеу қызметкерлерімен де сөзге келіп қала береді екен. Әсіресе «Иса – құдайдың баласы» деген поптарға «Қателесесіңдер, Иса құдайдың ұлы емес, құлы. Егер «құдайдың ұлы бар болса», оның күнәдан пәк ұлылығы қайда қалады?» – деп тойтарыс беріп жүреді. 

Құдайды іздеген Толстой енді исламды зерттей бастайды. Құранды бастан-аяқ бірнеше рет оқып шығады. Мұхаммед пайғамбардың өмірін, хадистерін оқи келе: «Мен іздеген ақиқатты Исламнан таптым!» – деп қуана жазады. Сөйтіп, шіркеуден қуылады. Оған ұлы жазушы қатты қайғыра қоймаған. Өз пікірінен таймаған. Гетенің ислам туралы жазбаларын қызыға оқып, өзінің де ислам жайлы ой-толғамдарын қағазға түсіріп отырған. 

Толстойдың иман келтіргені туралы мәлімет жоқ. Бірақ Исламға көзқарасы өте жақсы болғанын замандастарының бәрі жазып қалдырған.

Айта кетер бір жайт, Лев Толстойдың бір әдеті бар екен: біреулерді мақтап, данышпан, дара тұлғаға теңеп суреттейтін болса, ұлы жазушы ақырын ғана «Сенің мақтап отырған адамың құдайға сене ме?» деп сұрайтын көрінеді. Көпшілік жерде осы сұрақ қойылатын болса, отырған жұрт «ұлы жазушы Лев Толстой осында отыр» деп бір-бірінің құлақтарына сыбырлайтын болыпты. Бір жолы мынадай оқиға орын алады. Үлкен отырыста атақты драматургтың сахналанған пьесасын бір жазушы жер-көкке сыйғызбай мақтайды келіп. Халық ұйып тыңдап отыр. Шыдамай кеткен Толстой ананың сөзін бөледі. «Ол құдайға сене ме?». Мақтап жатқан жазушы сасқалақтап: «Ол жағын білмейді екем», – дейді. 

Сонда Толстой: «Сен өзің қызық екенсің, адам бойындағы ең маңызды нәрсені білмей тұрып, оны мақтауға қалай ғана дәтің барады?!» – деп, сөзден тосыпты.

Ал бізде осы сұрақты қоя алатын абыз ақсақал бар ма?

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
01.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 59
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 584
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 699
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 613
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 622

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8758
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8158
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11387
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9141
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10372