МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕР – ҚОҒАМ АЙНАСЫ

МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕР – ҚОҒАМ АЙНАСЫ

Ия, шынында, мәдениет пен өнер – қоғамның айнасы, елдің рухани мұрасы, асыл қазынасы саналуы сондықтан. Өйткені, өркениетке қол созған еліміз үшін экономикалық өсіммен қатар елдің рухани бай құндылықтарын да дамытумәселесі қолға алынғаны жасырын емесЗаманауи мәдениет ошақтары салынып, ел игілігіне беріліп, түрлі бағдарлама негізінде елдің мәдени білімін тереңдету, ең бастысы, ел дамуы үшін мәдениеттің де озық деңгейде дамуықарастырылды. 

Өнер мен мәдениет егіз ұғым. Осы орайда, қасиетті Байзақ жерінде де мәдениет пен өнерді дамыту саласындаатқарылып жатқан игі істер – ұлттық дәстүрді дамыту, өнер мен мәдениеттің өмірмен өзектестігін бағамдау, өнерді өнеге тұтқан елдің рухани дүниесін байыту мақсаттарын көздейді. 

Аудан бойынша 1 аудандық мәдениет үйі, 20 ауылдық клубтар, 1   аудандық орталық, 1 аудандық балалар және 23 ауылдық кітапхана, 1 аудандық тарихи-өлкетану музейі, 2 «халықтық» атағы бар ұжым тұрғындарға мәдени қызмет көрсетеді.

Ұлы даланың биік рухы саналатын - өрелі мәдениетіміз бенөнерімізге жыл сайын шынайы қамқорлық пен қолдау көрсетіліп келеді. 2020 жылы елді мекендерді мәдениет нысандарымен қамтамасыз ету мақсатында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен Бурыл ауылына180 орындық (жоба құны 157901,0 мың теңге), Жетібайауылына 90 орындық (жобалық құны 101609,0 мың теңге), Көкбастау ауылына 90  орындық (жоба құны 96211,0 мың теңге)   мәдениет  ошақтары, барлығы республикалық бюджеттен 355 млн. 727 мың теңге бөлініп, желтоқсан айында  ел игілігіне берілді. Биылғы  жылы да бұл жұмыс жалғасын тапты. Қыркүйек айында Тегістік ауылынан 90 орындық (жоба құны 130537,0 мың теңге) мәдениет үйінің құрылысы басталса, Көктал ауылдық мәдениет үйінде (115 439,0 мың теңге) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар желтоқсан айында аяқталып, қолданысқа беріледі деп күтілуде. Айрықша атап өтетін жайаудан аумағындағы барлық мәдениет ошақтары газға қосылған, бірқатарына модульдік қазандықтар орнатылған.  Сондай-ақ, мәдениет ошақтарының алдыңғы жағын және төңірегіне түрлі декоративтік ағаштар егіліп, орындықтар қойылды, жарықтар орнатылуда. Мұндағы бастымақсатымыз - ауылдық клуб, кітапханаларда ауыл жастарымен тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізетін орта қалыптастыру.

Сонымен қатар 2024 жылы Кеңес, Ақшолақ ауылдарынан 90 орындық, 2025 жылы Мырзатай ауылынан 120 орындық  мәдениет үйілерінің құрылысы жоспарланып, Жамбыл облысы бойынша елді мекендерді  мәдениет нысандарыменқамту картасына енгізілді

Кітапхана – ұлттың рухани азығы. Ақыл мен білім ордасысаналатын орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойыншааудандық көпшілік кітапхана, аудандық балаларкітапханасы мен 23 ауылдық кітапханалардың кітапқорында 280654 кітаптың 140155–ы мемлекеттік тілде. Оқырмандар саны  19047. Биылғы жылдың тоғыз айында581  іс-шара өткізілді.  

Ауыл кітапханаларының жұмысын жаңғырту және шалғай елді мекендердегі тұрғындарға мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында  барлық кітапханалардың базасынан ашылған 25 цифрландырылған ақпараттық орталықтар мен ауылдық округ әкімдері арасында келісімдер жасалынды. Осының нәтижесінде 2022 жылы тұрғындарға 25000 анықтама берілуін жоспарланса, бүгінгі күнге 30-дан аса қызмет түрі бойынша 15219 анықтама берілді.  Аталған орталықтарда көрсетілетін қызметтерді басқару және іске асыру бір орталық жүйеге қосылған жеке сайт ашылыпонда аудан бойынша, ауылдық округтер мен мекемелерде көрсетілетін қызметтер және түрлі мәліметтер базасы жинақталып, сайтқа толығымен енгізілген

Мұражайдың – кейінгі ұрпақты елжандылыққа, отаншылыққа тәрбиелеуде, жұртшылыққа тарихи-танымдық, ағартушылық қызмет көрсетуде көрсететін қызметі ерекше екені белгілі.  Биылғы жылдың тоғыз айында аудандық тарихи - өлкетану музейінде 22 көрме, 31 экскурсия ұйымдастырылып, 24 танымдық дәрістер өткізілді. Мәселен,  «Әлем таныған Елорда», «Музей сабақтары мұражайға саяхат», «Елім-тірегім» атты көрме, Балалар жылына орай,  Мемлекеттік  «Ежелгі Таразескерткіштер» тарихи мәдени музейі қорығының жылжымалы археологиялық көрмесі, «Қазақстанның киеліжерлерінің географиясы» жобасы аясында ауданаумағындағы 6-12 ғасырларға жататын ортағасырлық «Оххум» қалашығына, Тараз қаласындағы «Айша бибі» кесенесіне, Қарахан, Тектұрмас архитектуралық   ескерткіштеріне, облыстық тарихи-өлкетану мен көркемсурет галереясына экскурсия ұымдастырылды. Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туылғанына 110 жылдығына орай «Дара тұлға», Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ерлігін ұлықтаған «Ерлікешқашан ұмытылмайды», ауған соғысы ардагерлерінің ерлігіне арналған танымдық дәрістер мазмұндылығымен ерекшелендіЖалпы музейге келушілер саны 1400 адамдықұрады. Есепке алынған экспонаттар саны 71. Тарихимәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз бенмәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табыладыЕскерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертерхалықтың ұлттық байлығы ғана емессол елдің өткені мен бүгінін саралайтынсол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зорАудан бойынша бүгінгі күнге 226 тарих және мәдениет ескерткіштері есепке алынған. Оның ішінде республикалық дәрежедегі 3 археологиялық ескерткіш(Төменгі Барысхан, Түймекент, Охуумқалашықтары). 1 ескерткіш ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мәдени Мұралар тізіміне енген маңызы бар Қостөбе қалашығы. 2020 жылы 13 тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттары заңдастырылып, оған 1801,1 мың теңге, 2021 жылы 1 ескерткіш (Ғ.Байтасов) заңдастырылып, оған 186 мың теңге жұмсалынды. Бүгінгі күнге барлығы 40 тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттары заңдастырылған.

Байзақ елі-ақындардың елі саналады. Батыр Байзақ датқаның есімімен аталатын ауданының  тарихында Жамбыл драма театрының негізін қалаған байзақтық Шәріпбай Сәкиев, белгілі қоғам қайраткері, жазушы, журналист, ақын, драматург, «Парасат» ордені мен  «Алтын барыс» омырау белгісінің иегері Арғынбай Бекбосын, ақындар Жақсылық Сәтібеков, Әсілхан  Рахманов,   белгіліактер Тұңғышбай Жаманқұлов,  «Отырардың күйеуі» атты фильмді түсірген, кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтің ізінжалғастырған аузымен құс тістеген айтыскер ақындарымыз марқұм Әзімбек  Жанқұлиев, Мұхамеджан Тазабеков,  Алтынкүл  Қасымбекова, Ертай Тазабеков, ақын-сазгер Қасқырбай НарбатырЕсжан Әміров  секілді таланттарауданымыздың мақтаныштары саналады. «Ат тұяғын тай басар» демекшіталанттар туылған ауданымызда бүгінгі таңда да жас өнерпаздар, халықаралық ақындар айтысындаӘсет Дүйсебаев,  Рай Дөңбай, Дархан Әбдіманат, Ернұр Бейсен жүлделі қолдан беремудеБиыл  «Шолпан» халық ән-би ансамблінің құрылғанына 50 жыл болып отыр. Осыған орайжыл ара салып өтетін «Көне Тараз» этнофольклорлық ансамбльдердің конкурсында «Шолпан» халық ән-би ансамблі соңғы екі жылда бірінші және екіншіорынды иеленді. Ауданымыздың даңқын алысқа шығарып жүрген дәстүрлі ән өнері бойынша Бекарыс Көштаев, әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің әншісі Динара Диқанбаева, Дулат Жасұзақов,  «Шолпан» халық ән-би ансамблінің домбырашыларыДидар Басығараев пен Жалғас Аруанов халықаралық, республикалық  байқаулардың жүлдегері атанды.

Мемлекеттік және атаулы күндерге арналған мерекелік іс-шаралар аудан өмірінің елеулі оқиғалары болып табыладыЖалпы 21 мәдениет ошақтарында ағымдағы жылдың  9 айында (аудандық мәдениет үйі мен 20 ауылдық клубтарда) 432 көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған 48709 адам қатысты. Аудан көлеміндегі елді мекендерде өнердің дамуы мен мәдени жұмыстарды жандандыру мақсатындағы «Жамбыл менің  жай атым, халық менің шын атым» ақындар айтысы,  «Байзақ жұлдызы» ән байқауы, Қазақстан халықтары достығы фестиваліжас ақындар айтысы, «Екі жұлдыз» мега-шоу, «Жас толқын» шығармашылық фестивалі, «Байзақ аруы», «Жігіт сұлтаны», «Пай-пай қазақтың келіндері-ай!», «Батағөй қариялар, «Би әлемінде», «Асыләже-ғасыр әже», екі жылда бір рет өтетін «Алты Алашқа танымал ақын еді» атты айтыскер ақын Әзімбек Жанқұлиевті еске алуға арналған ақындар айтысы, «Жүрегім жүрегіңмен егіз бе ...?  жұптар байқауы, «Кішкентай ханзада мен ханшайым», «Әнші балапан», жастарға арналған өнер байқаулары жүйелі өтіп тұрады. Мұндай байқаулар нағыз таланттардың жарық етіпшығуына, елге танылуына жол ашып отырғаны анық. 

Мәдениет-ұлттың бет-бейнесірухани болмысы, ақыл-ойы мен парасаты. Елдің бет-бейнесі оның мәдениеті мен экономикасына байланысты қалыптасады. Ұлы даланың биік рухы саналатын - өрелі мәдениетіміз бен өнерімізге жыл сайын шынайы қамқорлық пен қолдау көрсетіліп келеді. 2023 жылы 8 мәдениет  ошақтарына (Дихан ауылдық мәдениет үйі  (22 953 039 теңге), Түймекент ауылдық мәдениет үйі  (25 163 644 теңге), Мәдімар ауылдық клубы (11 813 467 теңге),   Дихан-2 ауылдық клубы (13  592 362 теңге),  Байзақ ауылдық клубы (9 901,0 теңге), Үлгілі ауылдық клубы  (11 500,0 теңге). Жақаш ауылдық клубы (6 058 236 теңге), Аймантөбе ауылдық клубы (8 657 280 теңге)  жалпы сомасы 108 738 929 теңгге ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, қаржы бөлуге ұсыныс берілді.

Адамзат тарихының күретамыры – мәдениет, ал,мәдениеттің күретамыры – адамзаттың ақыл-ойы мен іс-әрекетін дүниеге әкелген материалдық құндылықтар болыптабылады. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгеріжылжытады.Ұлттық мәдениетімізді насихаттау жолындаалға қойған міндеттер бен мақсаттарға қол жеткізу  үшін жүйелі жұмыстар атқарыла беретін болады.

Дәуір ДӘУЛЕТОВ, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы
15.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 127
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 124
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 127
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 319
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 312
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 935

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9008
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8403
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11629
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9386
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10612