Майнерлер бюджетке 652 млн теңге төледі

Майнерлер  бюджетке 652 млн теңге төледі

Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі: «Биыл 1 қаңтардан бастап цифрлық майнинг үшін төлемақы енгізілді. Цифрлық майнинг саласында қызметін жүзеге асыратын тұлғалар төлемақы төлейді. Салық қызметті жүзеге асыру кезінде тұтынылған электр энергиясының нақты көлемі үшін алынады. Төлемақы есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, тоқсан сайын төленеді. Оның сомасы электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 1 теңгені құрайды. 2022 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша цифрлық майнинг үшін төлемақыдан бюджетке 652 млн теңге түсті»,— деп хабарлайды.

Цифрлық майнинг үшін төлемақы 12 өңірдің төлеушілерінен түскен, атап айтқанда: Нұр-Сұлтан қаласы – 277,3 млн теңге; БҚО – 143,1 млн теңге; Ақтөбе облысы – 48,9 млн теңге; Қарағанды облысы – 45,2 млн теңге; Павлодар облысы – 36,9 млн теңге; Алматы қаласы – 36,1 млн теңге; Атырау облысы – 26,4 млн теңге; ШҚО – 24,3 млн теңге; Алматы облысы – 11,1 млн теңге; Түркістан облысы – 2,2 млн теңге; Жамбыл облысы – 685,1 тыс теңге; Қостанай облысы – 39,9 мың теңге. Бұл ақша республикалық бюджетке түседі. Сәйкесінше төлемақы түскен өңір мен майнинг фермасының орналасқан жері сәйкес келмеуі мүмкін.

Төлемақының ірі төлеушілері: «AISolutions» ЖШС – 93,2 млн теңге; «ЛЛУ АГРО-ЭНЕРДЖИ» ЖШС филиалы – 76,7 млн теңге; «BCD Company» ЖШС – 53,8 млн теңге.

Бұған дейін электр қуатының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында майнингті жүзеге асыратын кәсіпорындардың дені 2021 жылғы қазаннан бастап электр энергиясынан ажыратылғаны хабарланды. Осыған байланысты күткен соманың басым бөлігі бюджетке түспей қалған. Қазіргі таңда парламент цифрлық майнинг үшін төлемақы ставкасын ұлғайтуды көздейтін заң  қарастырып жатыр.

Ермек САХАРИЕВ
02.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 143
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 157
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 431
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 841

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18339
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18199
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33387
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31939
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35698