МӘМС: Елордалықтардың 82,5 пайызы сақтандырылған

МӘМС: Елордалықтардың 82,5 пайызы сақтандырылған

Елімізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) жұмыс істей бастады. Яғни заң бойынша елдегі жұмыс істейтін барлық адамдардан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлем алынуы керек. Сонымен қатар қазақстандық МӘМС жүйесі жарна мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылған адамдардың қызметтер пакетін тең көлемде алуына негізделген. Бұл ретте МӘМС бойынша көмек алу үшін жүгінген кезде, пациент медициналық қызметтердің көлемі мен құнын шектемейді.

МӘМС жүйесінің қазақстандық моделі әлеуметтік бағдарланған болып табылады. Қорға төлем аудармағандар да медициналық қызмет алуға құқылы, олар учаскелік терапевтке барып, тегін қан талдамасын жасатуға және бірқатар ауруларды емдетуге рұқсат ала алады. Сондай-ақ жедел медициналық көмекке де тегін жүгіне алады.

Нұр-Cұлтан қаласы бойынша қазірге дейін елорда тұрғындарының 82,5 пайызы МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров: –«Біздің қор халықтың медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалмауы үшін, халықты медициналық көмекпен қамту жұмыстарын одан әрі жалғастыруда. Елорда тұрғындарына МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі болмаса да, тегін кепілдендірілген медициналық көмек аясында шұғыл медициналық көмекті, жедел жәрдем бригадасын шақыру, учаскелік дәрігердің қабылдауы секілді қызметтерді тегін ала алатынын баса айтқым келеді», – дейді.

Сондай-ақ, ол биыл 6 ай ішінде Нұр-Сұлтан қаласында медициналық сақтандыру қорына 19,7 млрд теңгеден аса жарна аударылғанын айтты. Нұрлыбек Қабдықапаровтың мәліметінше, елорда тұрғындарының МӘМС жүйесіне төлеген төлемдерінің ең аз сомасы 12 айда 25 500 теңгені (айына 2125 теңге) құрайды. Бұл сақтандырылған адамға құны бірнеше миллион теңге тұратын қымбат тексерулер, операциялар, ЭКО қоса алғанда, ТМККК және МӘМС секілді медициналық көмектің ауқымды тізбесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Жалпы елорда тұрғындары ресми дерекке сәйкес 2017 жылғы 1 шілде мен 2021 жылғы 31 шілде аралығында медициналық сақтандыру қорына жалпы сомасы 81,3 млрд теңге жарна аударған. Оның ішінде жұмыс берушілердің аударымдары 1,6 млрд теңгеден асады, ал жеке кәсіпкерлерден түскен жарна 1,9 млрд теңгеге жуық. Осы жылдың 31 шілдесіндегі жағдай бойынша 12740 адам бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) бойынша МӘМС-ке жарна төлеген. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес Ұлттық банкте сақталады да, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады»,– дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Соңғы жылдары елордада сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бірқатар жұмыстар қолға алынған. Әсіресе 2021-2025 жылдарға арналған «Саламатты ұлт» ұлттық жобасы негізінде: бірінші бағыт – «қолжетімді және сапалы медициналық көмек» шеңберінде халықты денсаулық сақтау қызметтерімен кеңінен қамту, жүкті әйелдердің және балалардың денсаулығын сақтауға арналған міндеттер жүзеге асыру, екінші бағыт – «эпидемиологиялық болжау және қарсы әрекет етудің заманауи жүйесін қалыптастыру» бойынша инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалаудың қазіргі заманғы моделіне көшу және халықтың заманауи және дәлдігі жоғары зертханалық сараптамаға қолжетімділігін кеңейту, үшінші «Саламатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыру және бұқаралық спортты дамыту» бағыты бойынша қоғамның барлық санаттарын дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен шұғылдануға ынталандыру, тұрғындардың спорт объектілерімен қамтылу деңгейін арттыру бойынша нақты міндеттер белгіленген болатын. Сондықтан Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы астанада амбулаториялық медициналық қызметке бөлінетін қаражат көлемін арттыруды қолға алды. Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, қала тұрғындарының денсаулығын жіті қадағалаудың арқасында 150 мыңға жуық елорда тұрғыны тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген.

Дегенмен, елорда тұрғындарының тарапынан міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесі қызметіне қатысты шағым да жиі айтылады. Тұрғындар тарапынан «Дамумед» секілді кейбір медициналық орталықтарға қатысты шағым айтылғанымен, құзырлы мекемелер мониторинг жүргізу арқылы кемшіліктерді реттеп отырады. «Биыл І жартыжылдықта азаматтардан келіп түскен өтініш-шағымдарға қатысты жоспардан тыс 39 мониторинг жүргізілді. Медициналық сақтандыру қорының негізгі басымдықтарының бірі – пациент құқығын қорғау. Осы орайда кері байланыс құралдары арқылы түсетін шағым-өтініштер ерекше бақылауда. Биыл 6 айдың ішінде бізге елордалықтардан 1165 шағым келіп түсті. Барлық шағымдар бойынша шаралар қабылданып, оның иелеріне жауап берілді. Жоспардан тыс жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 129 кемшілік анықталып, 18,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Мұндай жоспардан тыс мониторинг жасауды өткен жылмен салыстырғанда биыл 5 есеге көп жүргізіп отырмыз»,–дейді Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров. Оның айтуынша, тұрғындар көбіне көрсетілген медициналық көмектің сапасына, консультативтік-диагностикалық қызметтердің қолжетімсіздігіне (құрал-жабдықтардың болмауы, кезекті көп күту, жолдама бермеу, кадр жетіспеу) және тағы басқа медициналық қызметтерге шағымданады. «Арыз-шағымдардың көбісі медициналық көмек көрсетуді дұрыс ұйымдастыруға қатысты. Ол мәселелердің шешімі сол медицина мекемесінде немесе Денсаулық сақтау басқармасында шешімін табуы тиіс. Осы орайда біздің қор медицина қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру (онлайн) семинарларын өткізуді ұйымдастырып жатыр. Медициналық ұйымдар пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметтерінің жұмысын жолға қоюы, тіркелген тұрғындардың мұқтаждықтарына жауапкершілікпен қарауы қажет»,– дейді ол.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
12.08.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 174
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 169
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 679
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 799
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 713

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8866
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8263
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11491
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9247
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10474