Маңғыстау облысын дамытуға 2,1 трлн теңге бөлінеді

Маңғыстау облысын дамытуға 2,1 трлн теңге бөлінеді

Бүгін Үкімет отырысында Маңғыстау облысында жоспардың қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы өңір әкімі Нұрлан Ноғаев айтып берді. 

 

«Бүгінгі таңда бар шараларды тезірек іске асыру және атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қолданыстағы Кешенді жоспар өзектендірілді. Өзектендірілген Кешенді жоспар 226 іс-шараны қамтиды, оның ішінде экономиканы дамыту аясында 96, тұрғын үй және инфрақұрылым бойынша 54, әлеуметтік сала және экологияда 63 және азаматтық қорғанысты қамтамасыз етуде 13 іс-шара қарастырылған. Жоспарланған іс-шараларды жүзеге асырудың нәтижесінде шамамен 55 мың жұмыс орны құрылады деп күтіледі», — деді Н. Ноғаев. 

 

Кешенді жоспар аясында келесі негізгі бағыттарға ерекше басымдық беріліп отыр. Біріншіден, демографияның өсу үрдісі қолжетімді баспанамен қамту және өңірдің инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударуды талап етеді. Бұл мақсатта тұрғын үй салу, жолдардың сапасын жақсарту, газбен, электрмен, жылумен жабдықтау объектілерін салу және реконструкциялау шаралары жүргізіледі.  

 

Сонымен қатар өңір үшін ең маңызды мәселе – ауыз су тапшылығын кезең-кезеңімен шешу үшін кешенді жоспарда жалпы су тұщыту қуаты 260 мың текше метрді құрайтын 9 жоба және 12 ауылдық елді мекенді ауыз сумен қамту жүзеге асырылатын болады. Кешенді жоспарды өзектендіру аясында осы жылы ауыз сумен қамтамасыз етуде өнімділігі тәулігіне 24 мың текше метр «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» су тұщыту қондырғыларын салу жұмыстары басталады. Бұған қоса, 5 жаңа шағын ауданды инженерлік-инфрақұрылыммен қамтуға, қалалық жолдар сапасын арттыру аясында қосымша 8,5 км жолды салуға мүмкіндік болады.  

 

Екінші, маңызды бағыт – өңірдің әлеуметтік құрамдас бөлігі. Бұл бағыт аясында жоспарда қажетті кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың тапшылығын шешу, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт инфрақұрылымын дамыту мәселелері қарастырылды.  Бұл бағытта 2022 жылы лизинг арқылы 5 реанимобиль сатып алынады және 2023-2024 жылдары 5 денсаулық сақтау ұйымы заманауи медициналық жабдықтармен қамтылатын болады. Қаржыландыруға келер болсақ, 

 

Кешенді жоспардың жалпы бюджеті 2,1 трлн теңгені құрайды, оның ішінде 62% жеке инвестиция үлесіне тиесілі. Бұл ретте бюджеттік қаражаттың көлемі 493 млрд теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджет – 375 млрд теңге, жергілікті бюджет – 118 млрд теңге.

 

@primeministr.kz

25.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 147
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 183
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 180
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 147
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 294
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 292
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 508
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 465

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9164
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8561
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11789
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9557
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10769