Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Канаданың Еуроодақ пен Еуропадағы арнайы өкілін қабылдады

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Канаданың Еуроодақ пен Еуропадағы арнайы өкілін қабылдады

Маңғыстауға Канаданың Еуроодақ пен Еуропадағы арнайы өкілі, Канаданың Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефан Дион келді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 Делегация құрамында Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алан Хэмсон, Қазақстан Республикасындағы Канада Елшілігінің Сауда және экономика консулы Эдуард Юот, Қазақстан Республикасындағы Франция Елшілігінің Бірінші хатшысы Дженна Рене Мартинуции, Қазақстандағы

Канада елшілігінің сауда және бизнес жөніндегі кеңесшісі Ғазиз Шотанов, Канаданың Қазақстандағы Елшілігінің бас саяси сарапшысы Арман Қожакелдиев болды.

 

 Тараптар транскаспий халықаралық бағытын жүзеге асыру, логистикалық әлеуетті арттыру және Маңғыстау облысындағы энергетика саласын дамыту мәселелерін талқылады.

 Өңір басшысы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған барлық бастамаларды облыс әрқашан қолдауға дайын екенін атап өтті.

 

 -Құрметті Дион Стефан мырза, Сіздерді Маңғыстау жерінде қарсы алғанымызға қуаныштымыз.  Бүгінгі кездесуіміз түрлі жобаларды сәтті жүзеге асыру үшін бірлескен іс-қимылдардың бастауы болады деген сенімдеміз.  Маңғыстау – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан Қазақстанның алдыңғы қатарлы, елеулі өңірлерінің бірі, бес мемлекетпен шектеседі.  Өз тарапымнан екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған барлық бастамаларды қолдауға әрқашан дайын екенімізді атап өткім келеді, - деді Нұрлан Ноғаев.

Маңғыстау облысының әкімінің баспасөз қызметі
23.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда өрттен 13 адам көз жұмды
Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы - 30.11.2023 31
Өзгенің табысына ортақтасу – масылдық
Нұрым Сырғабаев nurymsyrgabaev28@gmail.com - 30.11.2023 11
Әрбір азаматтың өтініші маңызды
Бақытжан Орынбеков, Тараз қаласының әкімдігі - 30.11.2023 10
🔰АНА МЕН БАЛАҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жуалы ауданы әкімдігі - 30.11.2023 42
ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Сарысу ауданы әкімдігі - 30.11.2023 30
КЕЗДЕСУ
Сарысу ауданы әкімдігі - 30.11.2023 30
ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі - 25.07.2023 1685

Топ жаңалықтар

1
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 4081
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 3749
3
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 3905
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 3839
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 3911