Маңызды жобалар ұсынылды, сындар да айтылды

Маңызды жобалар ұсынылды, сындар да айтылды

«Бұл съездің тарихи маңызы зор.  Біз қоғамның қажеттілігіне және сұранысына, қарапайым халықтың мүддесіне бағытталған жаңа Қазақстанға бет алдық», – деп сөз басын  «АMANAT» партиясы Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев бастады. Съезге «АMANAT» партиясы Жастар қанатының  съезінің жұмысына аймақтық конференцияларда сайланған жастардың барлық санаттағы делегаттары қатысты. Жалпы 455 адам,  оның ішінде 350 делегат, 150 арнайы шақырылған қонақтар келді. «АMANAT» партиясының төрағасы Қазақстан Мәжілісінің төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов болды. Сонымен қатар футболшы Біржан Оразов, Жансая Абдумалик, қоғам белсендісі Дәулет Мұқаев, Мади Ахметов және БАҚ өкілдері қонақ болды. Съезд Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейнежазба үндеуінен басталды. Президентіміз партияның атын өзгертуге ұсыныс айтты. Съезде атқарылған істер бойынша есептік баяндама жасалды.

Қаңтар қырғынында ерлігімен көзге түскен батыр ер-азаматтарға сөз кезегі берілді. Соның бірі  әлеуметтік желіде танымал болған бейнежазбадағы Ұлан Мырзабайдың «приказ, есть приказ» деп, халықтың жүрегінен орын алуы. Ол өз сөзін «Жастар ешқандай арандатуға берілмеу керек» деп бастады. 

Съезд барысында жалынды жастар өздерінің ел дамуына үлес қосатын маңызды жобаларын ұсынды.  Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны, ұстаз Асыл Ахметова  жылқыны ел арасында насихаттауды, дүниежүзілік деңгейде жүзеге асыруды, ауыл жастарын қолдауды ұсынды. 

Съезде спорттың да жанайқайы айтылды. Үздік бомбардир EURO-2022  атанған Біржан Оразов футболды ауыл балалары арасында дамытуды, қолдауды ұсынды. 

Съездің үшінші күні Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов «Jas Talks» ашық диалог алаңының қонағы болып, «Жастар Рухы» жастар қанатының VI съезінің делегаттарымен кездесті. Қызу пікірталас барысында вице-премьер қатысушылардың сұрағына жауап беріп, Үкіметтің жас буын арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру және басқа да өзекті мәселелерді шешу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

«Адам үшін ең бастысы – білім. Себебі білімді азамат өзін еркін сезінеді, болашаққа сеніммен қарайды және қай бағытта қозғалу керектігін біледі. Әрбір жас қазақстандық осыған ұмтылуы тиіс. Әрине, мамандық таңдау – күрделі мәселе. Сондықтан биыл мектептерде 7-сыныптан бастап оқушыларға кәсіптік бағдар беретін мұғалім жұмыс істейтін болады. Ол оқушыларға дұрыс бағыт таңдауға көмектеседі», – деді ол.

Өз кезегінде жастар жасөспірімдер спортын дамыту, ЖОО-да өндірістік тәжірибені жетілдіру, жас кәсіпкерлерді қолдау және т.б. мәселелер жөнінде сұрақ қойып, ұсынысын білдірді. Естеріңізге сала кетейік, съездің пленарлық отырысы барысында жастар қанатын трансформациялаудың жаңа бағдарламасы қабылданып, Орталық кеңестің құрамы жаңарды. 

Рауан МУТАИР, Айсәуле КЕНГАШОВА
21.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 66
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 67
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 176
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 180
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 397
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 360
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 977

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9056
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8452
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11680
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9443
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10660