МАҚСАТЫМЫЗ - АУДАН СПОРТЫН ДАМЫТУ

МАҚСАТЫМЫЗ - АУДАН СПОРТЫН ДАМЫТУ
Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі өз міндетінде Қазақстан Республикасының "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңын, "Спорттық разрядтар және біліктілік санаттарын у қағидаларын бекіту туралы" ҚР Спорт және дене шынықтыру істері Агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі #300 бұйрығын, бөлім ережесін, сондай-ақ, аудан әкімдігінің жылдық жоспарын басшылыққа алып, бекітілген жоспарға сәйкес жұмыстар атқарып келеді.
Сонымен қатар, ауданда дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқой және кәсіпқой спорт қызметін қамтамасыз етудің және оларды дамытудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін қамтиды.
Сарысу ауданында 2023 жылы дене шынықтыру және спортпен 17845 адам шұғылданады. 2022 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 551 адамға ұлғайды. Оның ішінде орта мектептердегі 4098 адам, колледжде - 829 адам, ұйымдарда 9719 адам, спорт мектептерінде 2795 адам әр түрлі секцияларда жаттығады.
2022 жылы аудан тұрғындарының 39,2 % жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 40,2 %-ға жетті.
Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтар саны – 1558, ауылдық жерлерде – 523, 163 азамат спортпен жүйелі түрде шұғылданады.
Жамбыл облыс әкімдігінің дене шынықтыру спорт басқармасымен аудан әкімдігінің арасында нысаналы индикаторға қол жеткізу жөнінде келісім бекітілді.
Сарысу ауданында 5 балалар- жасөспірімдер спорт мектебі бар. Олар Жаңатас қаласындағы №26 БЖСМ, Бокстан №30 БЖСМ, Саудакент ауылындағы №28 БЖСМ, Жайылма ауылындағы Б.Тоғызақбаев атындағы №27 БЖСМ, Тоғызкент ауылындағы №29 БЖСМ.
Спорт түрлері бойынша бөлімшелер саны-38. Спорттық сауықтыру топтары – 34, алғашқы дайындық топтары – 82. Оқу-жаттығу топтары – 62. Спорт мектептерде спорттың 19 түрінен барлық шұғылданушылар саны – 2795 спортшы.
Жаттықтырушылар саны – 81, оның ішінде штаттағы жаттықтырушылар саны – 46. Спорт түрлерінің саны- 19. Бөлімшелер саны-38, оқытушы-жаттықтырушылар саны- 81, жоғарғы дәрежелі оқытушы-жаттықтырушылар-3, І дәрежелі оқытушы-жаттықтырушылар-2, ІІ дәрежелі оқытушы-жаттықтырушылар-12.
Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты "Бұқаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру орталығының" директоры Ниязов Айберген Серікұлы.
Әдіскер нұсқаушылар саны -14.
2023 жылға Бұқаралық спортты дамыту бойынша өткізілген іс-шаралар жыл басынан қаралғаны -220 іс-шара, оның ішінде ауылдық жерлерде-145. Саламатты өмір салты (бұқаралық спорттық іс-шаралар) туралы-92 іс-шара өтті.
Жыл басынан қамтылған адам саны-5722 адам. Ұлттық спорт түрлерінен өткізілген іс-шаралар туралы-44, жыл басынан қамтылған адам саны-1260 адам. Кешенді спорттық іс-шаралар туралы- 17. Жыл басынан қамтылған адам саны-867 адам қамтылды.
Аудан бойынша 257 спорт нысаны бар, атап айтқанда, 2-спорт кешені, 1 –стадион, 179 спорт алаңшасы, 28 футбол алаңы, 33 спорт залы, 14 –орнатылған зал. Оның ішінде 257 спорт нысандары тұрғындар үшін қолжетімді болып отыр.
2024 жылға аудан тұрғындарына қолжетімділік кестесі бекітілді.
2023 жылда спорттық атақтар разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы қаңтар-желтоқсан айлары бойынша 13-жаттықтырушы біліктілігі жоғары деңгейдегі ІІ-санатты І спорттық разряд-33, ІІ жасөспірімдер-33, ІІІ-жасөспірімдер-7.
2023 жылы спортшыларымыз халықаралық, республикалық, облыстық жарыстарда барлығы 755 медальға (180 алтын, 190 күміс, 385 қола) ие болды.
2023 жылы ауданымыздан Азия ойындарында және ҚР чемпионатында 12 спортшы жүлдегерлер болып, аудан әкімінің арнайы дипломымен және демеушілер есебінен қаржылай марапатталды.
Алдағы уақытта бірқатар жұмыстарды атқаруды жоспарлап отырмыз.
Ағымдағы жылы аудан көлемінде 237 спорттық іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Сондай-ақ, биылғы жылы Ұ. Сыздықбаев ауылына спорт кешенің құрылысын ЖСҚ әзірлеу, 2. Жаңатас қаласы «Дегерез» елді мекенге спорт зал құрылысын жобасын әзірлеуге, 3. Ә.Бүркітбаев ауылына спорт залдың ЖСҚ әзірлеу, Саудакент ауылына волейбол аланшасын орнату, Саудакент ауылында футбол аланың ағымдағы жөндеу, Маятас, Қызылдихан, Жаңаталап ауылдарына стритворкаут тренажер орнату, Ұ. Сыздықбаев ауылындағы футбол аланшасын ағымдағы жөндеу, Ұйым ауылында 30+30 балалар ойын аланын орнату, Жайлаукөл ауылындағы спорт алаңшасын ағымдағы жөндеу, Жайылма ауылында балалар ойын аланшасын салу сияқты жұмыстар атқарылатын болады.
Айбол Бердібаев Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
05.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

Таза Қазақстан республикалық акциясы
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 6
ҚАБЫЛДАУ
Сарысу ауданы әкімдігі - 28.04.2024 7
Бірлік жарысы
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 5
Тараз таза қала
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 5

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1086
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7131
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10982
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7196
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7340