Марафон: Алматыға 30-дан астам елден спортшылар келді

Марафон: Алматыға 30-дан  астам елден спортшылар келді

Дәстүрлі Алматы марафоны 11-рет өтті.  Ірі жарысқа Қазақстаннан, сондай-ақ әлемнің 30-дан астам елінен, соның ішінде АҚШ, Оңтүстік Корея, Кения, Германия, Испания, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және басқа елдерден 15 жасқа толған 12 мыңға жуық әуесқой спортшы қатысты. Марафонға қатысушылар классикалық марафон қашықтығында (42,2 км), сондай-ақ 21,1 км, 10 км бойынша  жарысты. Сонымен қатар, ниеттенушілер 10 км қашықтықты скандинавиялық жүріспен немесе Экиден эстафетасына қатысу арқылы игерді. Сондай-ақ, биыл «Алматы марафоны» аясында марафон мен 10 шақырымға жүгіруден ҚР чемпионаты өтті. Барлық жас санаттарында ерлер мен әйелдер арасындағы жеңімпаздар  үштігі медальдар, грамоталар және естелік сыйлықтармен марапатталды. 21,1 км және 42,2 км қашықтықтарда абсолюттік санаттардағы ерлер мен әйелдер арасындағы жеңімпаздар ақшалай сыйлықтарға ие болды. Мәреге жеткен барлық қатысушыларға естелік медальдар табыс етілді. Қатысушылардың бастапқы жарналарынан жиналған қаражаттың бір бөлігін ұйымдастырушылар дәстүр бойынша қайырымдылық мақсаттарына жұмсайтын болады. Almaty.tv мәліметінше, «Алматы марафоны» AIMS халықаралық старттар мен жүгіру қауымдастығына кіреді, марафон трассалары World Athletics стандарттарына сәйкес сертификатталған.

Өкінішке қарай, 25 қыркүйекте «Алматы марафонына» қатысқан 47 жасар Рүстем Садықов мәреге жеткеннен кейін көз жұмды. Ол «Самұрық Энерго» және QazaqGaz компанияларының тәуелсіз директоры болған. Жарысқа қатысу үшін Астанадан Алматыға арнайы келген. Мәреде кезекшілікте болған жарыстың бас дәрігері Оразбек Сахов: «Біз оған бірден көмек көрсете бастадық. Алғашқы көмекті еріктілер көрсетті. Сосын қалалық жедел жәрдем станциясы қызметкерлерімен бірлесіп жүрек-өкпе реанимациясы жүргізілді. Реанимациялық шаралар 30 минутқа созылды, оның ішінде соңғы 10 минут жедел жәрдем көлігінде жасалды. 10:15-те қатысушы қайтыс болды. Ресми себебін сот-медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін ғана атауға болады», – деді. Ақпаратқа сәйкес, Рүстем Садықов осыған дейін бірнеше жарысқа қатысқан. Ол сәуірде Алматы жартылай марафонында, 2021 жылы Алматы марафонында жүгірген. 

 

Ермек Сахариев
30.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 166
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 162
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 674
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 794
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 707
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 717

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8861
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8257
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11484
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9240
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10467