Марқакөл ауданын қалпына келтіру тиімсіз

Марқакөл ауданын қалпына   келтіру тиімсіз

 Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков: «Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл ауданын қалпына келтіру тиімсіз деген қорытынды жасалды. Талдау көрсеткендей, халық саны аз Марқакөл ауданын қалпына келтіру мемлекеттік қызметшілерді ұстауға жұмсалатын шығындарды қаржыландыра отырып, олардың санын ұлғайтуды талап етеді. Тек бір ауданда дербес 20 мемлекеттік орган (9 аудандық бөлім, 11 республикалық және облыстық бағыныстағы бөлім) құру қажет болады. Бұл қосымша 112 мемлекеттік қызметші деген сөз. Біріккен Күршім ауданының (бұрынғы Марқакөл және Күршім аудандары) халық саны 23,5 мың адамды құрайды және 1997 жылдан бастап 25,4 мың адамға немесе 52,8 пайызға қысқарды. Бұрынғы Марқакөл ауданының ауылдарында 8 725 адам тұрады. Марқакөл ауданы қалпына келтірілген жағдайда, әкімшілік ғимараттар салуға, мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын ұстауға және нығайтуға алдын ала есептеулер бойынша шамамен 15 млрд теңге бюджет қаражаты талап етіледі. Мемлекеттік құрылымдарды құруға және ұстауға жұмсалатын елеулі шығындар, халық санының қысқаруының сақталып отырған үрдісі кезінде таратылған Марқакөл ауданын қалпына келтіру экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп пайымдалады», – деп жазды. Мұндай пайымды 2020-2022 жылдары жұмыс істеген комиссия шығарған көрінеді.

Ресми жауапта: «2020-2022 жылдары құрамында орталық мемлекеттік органдар, облыс әкімдігі және жұртшылық басшылары бар комиссия шекара маңындағы өңірлердегі ағымдағы жағдайды зерделеді. «Аудандарды құруға жұмсалған шығындарды, халық санының аздығын және аумақтардың инфрақұрылымын одан әрі дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шараларды ескере отырып, комиссия аудандарды қалпына келтірудің экономикалық тиімсіздігін атап өтті», – делінген.

 

Ермек Сахариев
02.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 19
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 26
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 8
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 11
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 15
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 13
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 28
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 26
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 251
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 246
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 870

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8944
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8336
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11564
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9322
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10548