Масылдықтан арылмай, межеге жету қиын

Масылдықтан арылмай,  межеге жету қиын

Патерналистік көңіл күй мен әлеуметтік масылдықты төмендету үшін халық арасында ақпараттық жұмысты күшейту басты міндет болып тұр. Себебі ел болғасын түрлі түсініктегі адамдардың болуы заңдылық. Айналаға кейде бір көз салып қарасаңыз, қазір қоғамда барлық жағдайымыз жеңілдеген сайын біреудің есебінен өмір сүру, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүріп күн көру, қиындыққа төзбей, жеңіл табыс табуға ұмтылу белең алып бара жатқан сияқты. Ұлы Абайдың «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» деген данышпандығы  айна қатесіз келе бастады. Бұл, әсіресе, бүгінгі нарық заманында тайға таңба басқандай көрініп тұр. Яғни адамдар арасында әлеуметтік масылдық пайда болды. Адамды да тұлға ретінде дамытпайтын, қоғамға да кері әсерін тигізетін бұл үрдістен қайтсек арыламыз? Неге қарапайым, ауыр жұмыс көздерінен қашқалақтаймыз? Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Қоғамда патерналистік көңіл күй және әлеуметтік масылдық үрдісі белең алды. Ел ішінде әлеуметтік бағдарламаларды жеке мүддесіне пайдаланатындар аз емес. Ондай адамдар кез келген өркениетті елдегі сияқты заңның және бүкіл қоғамның алдында жауап беруі керек» дегені есімізде.

Иә, Қазақстанды табысты түрде дамытудың маңызды факторы болып кәсіпкерлік мәдениетті дамыту, іскерлік алғырлыққа және жеке бастамаларға бағытталған құндылықтарды қолдау болып саналады. Бұл тұста «кәсіпкерлік мәдениет» дегеніміз, мағынасы жағынан «патернализмге» мүлдем қарама-қайшы дүниелер. Ал патернализм дегеніміз не? Егер жай сөздермен айтар болсақ, онда бұл ел азаматының өз өмірі үшін жауапкершілік алуға аса құлық танытпай, әл-ауқатының жақсы болуына деген барлық үмітін негізінен мемлекетке артып қоятын көңіл күй ұстанымын білдіреді. Басқа сөзбен келтірсек, патерналистік құндылықтар өмірлік ұстанымына айналған азаматтар өзінің жетістігін де, сәтсіздіктерін де тек өзінің ұмтылыс талаптарымен ғана емес, сонымен қатар көп ретте өзі қамқоршы, жарылқаушы деп санайтын мемлекеттің рөлімен де тығыз байланыстырады. «Патернализм» ұғымы «әлеуметтік инфантилизм», «әлеуметтік мұсалдаттық» түсініктеріне өте жақын.

 Қазақстан Президенті Жолдауда  негізгі басымдықты әлеуметтік саясатқа, кәсіпкерлікті дамытуға және халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған маңызды мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға арнады. Жолдауда елімізбен қатар қаламыздың тұрақты дамуы, экономикалық өсімі, халықтың денсаулығы мен білімінің сапасы, руханияты мен мәдениетінің дамуы қамтылған. Сондықтан қазақстандық әр азаматқа  жүктелер міндет те, артылар сенім де айрықша. Ең басты міндет – ел болып біріге еңбек етіп, қарқынды дамуды күшейте беру. Жолдаудың мәні де, мақсаты да осында.

Соңғы жылдары  Елордада ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін екі бейімдеу орталығының құрылысы бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Сонымен қатар тұрғын алаптарда төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады. Мұның бәрі халықты масылдықтан арылтуға, патерналистік  көңіл күйді жоюға бағытталған іс-шаралар деп түсінген абзал.

Масылдық көңіл күйге әсер ету үшін аталған санатқа жататындар жиі шоғырланған аудандардан, облыс емес, аудандардан жұмыс бастаған жөн. Сонда ғана жалпылама деректерден, көмек беруден сәл де болса арылып, жалқыға көшеміз. Жұмыс көріне бастайды. Нәтижелі істі көрген өзге азаматтар өздері келетін дәрежеге жету керек. Ол қалай десеңіз, мемлекеттен беріліп жатқан әлеуметтік көмектерді қолжетімді етіп, сол бойынша психологиялық «шабуыл» жасаған дұрыс. Бұл саланы зерттеп жүрген азаматтар, мемлекет көмегімен масылдық көңіл күйді түбегейлі болмаса да айтарлықтай деңгейде жеңуге болатынын айтады. Оларды жетектеп оқуына түсіріп, жұмысына кіргізіп, былайша айтқанда, балық ұстап бермей, қолына қармақ ұстатқанда ғана қимылдай бастайды. Осыны басты бағдарға ұстаған дұрыс.

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
16.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 244
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 240
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 742
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 865
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 778

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8935
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8329
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11557
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9314
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10541