Матростар қайтып оралды

Матростар қайтып оралды

2 мамыр күні сағат 17.15-те елордадағы «Астана-1» теміржол вокзалының перронында мерзімді әскери қызметін аяқтаған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштерінің 40 матросын салтанатты қарсы алу шарасы өтті. Бұл әскери-патриоттық акцияға ҚР Қорғаныс министрлігінің, Астана қаласының әкімдігінің өкілдері, «Қарулы Күштер ардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары отставкадағы генерал-майор М.С.Нағұманов, ҚК және ауған соғысы ардагерлері, қала мектептерінің оқушылары және «Жас сарбаз» жасөспірімдер мен балалар ӘПК тәрбиеленушілері, матростардың ата-аналары мен ҚР ҚМ Орталық әскери оркестрі қатысты.

«Бүгін біз салтанатты жағдайда қарсы алып отырған матростардың бәрі әскер деген өмір мектебінен өтіп, шынығып, шыңдалып келді. Олардың бәрі әртүрлі қару-жарақтан атуды үйренді. Жауынгерлік кемелердің жорығына қатысып, Әзербайжан, Иран, Ресей порттарында болды», – деді сөз кезегінде Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Жұмабек Хасенов.

«Қарулы күштердің ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов теңізшілерді үйлеріне оралуымен құттықтап, азаматтық өмірге бейімделіп, болашақтарына дұрыс бағдар жасай білуіне тілектестік білдірді. 

«Бұл әскери-патриоттық акцияны ұйымдастырудағы басты мақсат – жастарды әскери патриоттық тәрбиелеу және әскери қызметтің оң беделін одан әрі көтеру», – дейді шараны ұйымдастырушылар.

 

ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ
04.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 326
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 319
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 172
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 472

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18235
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18096
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33283
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31834
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35550