Мәжіліс депутаты Мақаншы ауданының қайта құрылуына қатысты өзекті мәселелерді көтерді

Мәжіліс депутаты Мақаншы ауданының қайта құрылуына қатысты өзекті мәселелерді көтерді

Абай, 4 шілде. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов халықпен кездесуін Абай облысының Мақаншы ауылынан бастады. 

 

Кездесу барысында депутат Мемлекет басшысы Мақаншы ауданына назар аударып отырғанын айтты. 

– Президентіміз Ұлттық Құрылтайда Мақаншы ауданын қалпына келтіру туралы шешім қабылдағаны белгілі. Мақаншының әлеуеті  мықты.  Өңірде туризм, кен өндірісі, Қытаймен шекарадағы кеден бекеті арқылы сауда-саттық жақсы дамыған. Мақаншы ауданын жеделдетіп қалпына келтіру мақсатындағы жұмыстарға біз де өз құзіретіміз шеңберінде ықпал ететін боламыз, – деді Нұртай Салихұлы.
 
 
 

Тұрғындар ауылшаруашылығына, соның ішінде мал өсіруге, егін егуге, инфрақұрылымды дамыту, көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты өзекті сұрақтарды көтерді. 

Одан әрі Нұртай Сабильянов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

 

 

 

Осы күні депутат Үржар ауданына жұмыс сапары аясында Малақ ауылындағы сумен жабдықтау нысандарының құрылысымен танысты. 

Су құбыры желісі 8,933 шақырым, тереңдігі 55 метрМердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, құрылыс жұмысын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

 

 

 

Депутаттың кездесуі одан әрі Үржар ауданының Жоғарғы Егінсу, Айтбай, Таскескен ауылдарында, Ақсуат ауданының Қызыл-Кесек, Құмқөл, Танамырза ауылдарында, Көкпекті ауданының Көкпекті, Шәріптоғай, Шұғылбай, Биғаш ауылдарында, Жарма ауданының Шар қаласы, Қалбатау ауылдарында, Аягөз ауданының Тарбағатай, Сарыарқа, Қарағаш, Малкелді, Баршатас, Байқошқар ауылдарында, Абай ауданының Қарауыл, Архат, Қасқабақ ауылдарында, Семей қаласында жалғасады.

 

 

 

Мәжілістің Баспасөз қызметі

04.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 59
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 584
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 699
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 613
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 622

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8758
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8158
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11387
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9141
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10372