Мәжілісте депутат өте орынды ұсыныс жасады

Мәжілісте депутат өте орынды ұсыныс жасады

     Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың атына жолдаған сауалында атаулы әлеуметтік көмек көлемін арттыру туралы ұсыныс жасаған депутат Динара Зәкиева: «Үкімет тұрғын үйді жалға алғаны үшін берілетін төлемдерге қатысты Қаулы қабылдады. Атап айтқанда, отбасылардың жағдайы бірдей емес, бір жерде ата-ана балаларын барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ете алса, енді бір жерде ондай мүмкіндік жоқ. Кемінде 625 мың, демек әрбір оныншы бала аз қамтылған отбасында тұрып жатыр. Бұндай отбасыны қолдаудың бір түрі — атаулы әлеуметтік көмек (АӘК). Алайда оның мөлшері тіпті қарапайым қажеттіліктерді қамтамасыз етуге жетпейді. Мысалы, жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен 6 адамнан тұратын отбасына берілетін АӘК 7 мың теңгедей ғана», — деді.  Көмекке мұқтаж баланы немесе отбасын өздігінен анықтап, көмек көрсетудің орнына, жұмыс тек келіп түскен өтінішпен жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік бағдарламалар туралы мүлдем естімеген, қандай құқықтарының бар екендігін білмейтін, құжаттары жоқ болған соң қарапайым қызметтер мен көмек түрлерін ала алмай жүрген 200-ден астам отбасы анықталды. Ешқашан мектепке бармаған 10-13 жастағы балаларды, аурулары барына қарамастан, туғаннан бері ешқандай медициналық тексеруден өтпеген балаларды көрдік. Бұл отбасылар туралы учаскелік қызметтер әкімдіктерді хабардар етсе де, олар адам шошырлық жағдайда өмір сүрулерін жалғастырған. Бүгінде 1 млн 145 мың отбасы дағдарыс жағдайында, ал қолайсыз жағдайда деп есепте тұрған отбасыларда 12 мың бала тәрбиеленіп жатыр. Нәтижесінде, әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі көбінесе бала құқықтарының бұзылуы мен қайғылы салдарларға, яғни балалар үйіне түсуіне және зорлық-зомбылыққа әкеп соғады», - деді депутат. Мұның себебі неде? Функционалдық талдауымыз көрсеткендей, отбасы және бала құқықтарын бұзудың алдын алу мәселелері немқұрайды, әрі соңғы кезекте қаралып жүр. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның жұмысы көп жағдайда тек формалды түрде ғана. Комиссия мүшелерінің жұмыстың көптігінен отбасыларға баратын уақыты жоқ. Ал үйлестіру мен бақылау қызметі бір ғана хатшыға жүктелген. Бүгінгі таңда өкілетті органдар Балалар жылына арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеуде. Оған депутаттар келесі тармақтарды қосуды ұсынады: 1. Тұрмысы төмен отбасылардың балаларын қолдаудың тиімділігін арттыру үшін АӘК-ті әр балаға күнкөріс минимумына дейін арттыру. Яғни 1 балаға 36 мың теңге. Бұл үшін қосымша 225 млрд теңге керек. 2. Елді мекендерде отбасына кешенді түрде көмектесу және бала құқықтары бұзылуының алдын алу жөніндегі өкілетті органдар арасында жұмысты үйлестіріп отыратын және тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін Отбасы, жастар және балалар істері жөніндегі дербес басқарма құру. 3. Стратегиялық құжаттарда көрсетілген отбасы институтын нығайту, отбасылық қолайсыздықтың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және балаларға қатыгез қараудың алдын алу жөніндегі нысаналы индикаторларды өңірлердің Аумақты дамыту жоспарларына енгізу»,— деді.   

                                     

Ермек Сахариев
03.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 55
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 47
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 164
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 164
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 308
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 530
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 480

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9183
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8582
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11810
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9579
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10791