Нұр-Сұлтан қаласында қалалық 34 емхана бар. Олар: отбасылық, перинаталдық, инфекциялық, мамандандырылған балалар үйі, жедел жәрдем, онкологиялық орталық, наркология және психотерапия орталығы, дерматология, патологоанатомиялық орталықтары.
Биылдан бастап медициналық-санитариялық көмек көрсететін мекемелерде емханаға тіркелу, дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру, пациенттерге стационарға емделуге жатқызуға жолдама беру сияқты қызметтер онлайн форматта қолжетімді болды.
– Кез келген тұрғын медициналық ұйымдардың ресми сайттарынан мемлекеттік қызмет түрлері бойынша нормативтік-құқықтық актілермен таныса алады. 2022 жылдың 1 тоқсанындағы қорытынды бойынша 3 миллионға жуық қызмет көрсетілді. Тұрғындарға барлық қызметтің 87 пайыздан астамы электрондық түрде, ал 361 мыңнан аса қызмет қағаз түрінде берілген, – деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.