Мейіржанның мерейі

Мейіржанның мерейі

Ұлт руханиятының жоқшысы, жерлесіміз Ақселеу Сейдімбектің туғанына 80 жыл толу құрметіне орай ұйымдастырылған шаралар легі толастаған жоқ. Соның бірі – жақында ғана Қарағанды қаласында қорытындыланған Ақселеу Сейдімбек атындағы жас қаламгерлердің республикалық әдеби байқауы. Ал осы республикалық байқаудан жерлесіміз, академик Е.Шаханов атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы) тарих пәнінің мұғалімі Мейіржан Мұхамеджанов жеңіспен оралып, мерейімізді тасытып отыр.

Бұған дейін облыстық деңгейде ұйымдастырылып келген байқау биыл ұлы тұлғаның 80 жылдық мерейтойына орай республикалық дәрежеде ұйымдастырылып, байқау аталымдарына «Жас этнографтар» санаты қосылған екен. Иә, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Ақселеу Сейдімбектің бүкіл саналы ғұмыры мен шығармашылық еңбегі ұлттық этнографияны еңселендіруге арналғаны белгілі. Ендеше, байқау шартына «Жас этнографтар» аталымының қосылуы – заңдылық. Ұлытау облысының намысын қорғаған жерлесіміз Мейіржан Оразханұлы дәл осы аталым бойынша жеңімпаз атануы Жаңаарқада Ахаңның асыл мұрасын зерделейтін руханият мектебі қалыптасып, ізбасарлары өсіп келеді деген пайым мен үмітке жетелейді. Топырақ тектілерін тудырмай тұра ма?!

Ұлы Даланың тарихын таразылап, шерлі шежіресін, салт-дәстүрін саралаған саңлақ тұлға атындағы байқаудың жетекші аталымында жеңімпаз атанған Мейіржан Мұхамеджанов:

– Мен «Жас этнографтар» номинациясына «Салқам Сарыарқаның төріне біткен тамаша табиғат мекен» атты мақаламды жібердім. Биылғы байқау ерекше болды. Біздің жұмысымызды белгілі жазушылар мен ақындардан тұратын қазылар алқасы бағалады», – дейді.

Байқауға Әлібек Асқаров, Ғалым Жайлыбай, Серік Ақсұңқарұлы, Қойлыбай Асан сынды республикаға танымал қабырғалы қаламгерлер қазылық жасағанының өзі шара мәртебесінің биіктігін көрсетсе керек. Ал біз республикалық байқауда І орын иеленген жерлесімізді жеңісімен құттықтап, шығармашылық жолына толағай табыстар тілейміз!

Гүлдана ЕРМЕКБАЕВА, «Е.Шаханов атындағы тірек мектебінің (ресурстық орталығы)» КММ, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
17.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСҚА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 28.03.2024 58
ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНЫ – ДОМБЫРА
Дәулетбек Байтұрсынұлы - 28.03.2024 106
ОТАНСЫЗ ЖЕТІМ, ДІНСІЗ БАҚЫТСЫЗСЫҢ
Нұрлан Байжігітұлы - 28.03.2024 33
АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ
Шу ауданы әкімдігі - 28.03.2024 17

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 335
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6437
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8050
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6518
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6653