Мектеп – білім тірегі, ұстаз – оның жүрегі

Мектеп – білім тірегі, ұстаз – оның жүрегі

Ұстаз – ұлы тұлға. Ұстаз – балаға жеке тұлға ретінде қарай отырып, тәрбиелі, білімді, мәдениетті болуына ықпалын тигізеді. Тәлім-тәрбие беріп, баланың арман-қиялын көкке жеткізетін де осы – ұстаз. Ұстаз деген сөзге лайық болу үшін білімді, шығармашыл болу қажет. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, олардың бойына жақсы қасиеттерді дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар нұсқауда ұстаздың еңбегі зор. Әсіресе бастауыш сынып мұғалімдеріне артылар жүк ауыр. Сондай жандардың бірі – жас, жаңашыл ұстаз, Қызылорда облысы Арал қаласы №71 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бақыт Өтемұратова. Бақыт оқушыларға дәріс беріп қана қоймай, шәкірттерін адамгершілікке, мейірімділік пен имандылыққа тәрбиелеуді парызы санайды. Өйткені алдындағы тарыдай боп отырған балақай елдің ертеңгі болашағы. «Мұғалім – бала жанының бағбаны» деген сөзді ту етіп ұстайды. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру – кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті ұстаздардың қолында. 

ЖАНДАУЛЕТ ДИГАРБЕКОВ
02.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5230
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5390
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20353
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18989
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22453