Мектеп және колледж педагогтарының, балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 25%-ға өсті

Мектеп және колледж педагогтарының, балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 25%-ға өсті

 

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Президент Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша балабақша тәрбиешілерінің, мектептер мен колледждердің, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесі педагогтерінің жалақысы тағы 25%-ға ұлғайды, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен педагогтердің жалақысы 2020 жылдың қаңтарында 25%-ға және 2021 жылдың қаңтарында тағы 25%-ға өскен болатын.Осылайша, мұғалімдердің жалақысы екі есе ұлғаяды.

«Біз мұғалімдердің жалақысын көтерудің сөзсіз оң әсерін көріп отырмыз. Біздің кәсібімізге – педагог кәсібіне қазіргі таңда үздіктер келеді. Педагогикалық мамандыққа түсетіндердің ҰБТ орташа балы айтарлықтай өсті және «Алтын белгі» иегерлерінің саны бірнеше есеге көбейді. Мұғалімдердің еңбекақысын арттыру ел болашағына үлкен инвестиция болып табылады. Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап Президент Қ.К. Тоқаев тапсырғандай, барлық педагогтер жоғарыланған жалақы алатын болады. Сонымен қатар, жалақымен бірге мұғалімдер алатын қосымша төлемдер де артады. Бұл – біліктілік санаты үшін (лауазымдық жалақының 30%-нан 50%-на дейін), магистр дәрежесі үшін, ағылшын тілінде пәндерді жүргізгені, дәптерлер тексергені, сынып жетекшілігі және тәлімгерлік үшін төленетін үстемеақылар», – деп атап өтті бірінші вице-министр Шолпан Каринова.

Айта кетейік, педагогтердің жалақысы оқу жүктемесіне, білім деңгейіне, біліктілігінің, жұмыс өтілінің, магистр дәрежесінің болуына және басқа да қосымша ақыларға байланысты есептеледі.

Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылы магистрлік дәреже үшін үстемақы алушылар шеңбері кеңейтілді. Атап айтқанда, әдістемелік кабинеттердің әдіскерлеріне магистр дәрежесі үшін қосымша ақы белгіленді. Сондай-ақ, дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтан тыс уақытта қосымша спорт секцияларын өткізгені үшін төлемдер қарастырылған.

Сонымен қатар, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында кітапханашылар, бухгалтерлер, зертханашылар және білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің жалақысы өсті. 2022 жылдың қаңтар айында олардың жалақысы орта есеппен алғанда 20%-ға артады және ары қарай жыл сайын Президент жолдауы шеңберінде өсіп отыратын болады.

 

13.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 70
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 72
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 176
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 176
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 317
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 318
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 540
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 488

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9192
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8590
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11818
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9587
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10801