Міне жаңа оқу жылы да басталды. Баласы 1-сыныпқа баратын атааналар «Баламыз не біліп, нені үйренуі керек, оқи алады ма?» деп қобалжи бастайды. Көптеген ата-ана баласы оқу, санау және жазуды білсе болды, «мектепке дайын» деп есептейді. Бұл тек дайындықтың басы ғана. Мектепке дайындық сіз бен біз ойлағаннан да әлдеқайда маңызды әрі күрделі мәселе. Сондықтан ата-ана баланың мектепке даярлығына дұрыс көңіл бөліп, ерінбей уақыт тауып, баламен сабаққа дайындалғаны абзал.
БІРІНШІ СЫНЫПҚА БАРАТЫН БАЛА МЫНАЛАРДЫ БІЛУІ ҚАЖЕТ:1. Әліпби бойынша барлық әріптерді танып, ажырата білу.
2. Буындап қосып, оқи білу.
3. Әріптердің жазба, баспа түрлерін жазу.
4. 1-ден 10-ға дейін және кері қарай санау.
5. Өзінің аты-жөнін, неше жаста екенін, туған күнін, қайда тұратынын ауызша айта білу.
6. Адамның суретін, әрбір мүшесін (бас, көз, аяқ, қол т.б.) атап көрсетіп бере білу.
7. Жыл мезгілдерін білу.
8. Қазақша ай аттарын, апта күндерін білу.
9. Геометриялық пішіндерді атау (үш бұрыш, төрт бұрыш, шеңбер т.б.)
10. Суретке қарап әңгіме айту.
11. Үй жануарлары мен құстардың аттарын білу.
12. Өзінің ойын толық жеткізе білуі керек.
Міне, осы керектердің жолында аянбай еңбек етуіміз қажет. Сонда ғана балаңыз өзінің қатарынан қалмай, сабақты жақсы оқи алатынына сене беруіңізге әбден болады. Балаларыңызға сәтті сапар тілейміз!