🟢МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА 2023 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН 30 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОРЫН АШЫЛДЫ

🟢МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА 2023 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН 30 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОРЫН АШЫЛДЫ
🗣️Жыл басынан бері елімізде 29620 орынға арналған 307 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Олардың 3-уі мемлекеттік, 304-і жеке балабақша. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева баяндады.
💬«Соңғы 5 жылда балабақшаға жолдама алу кезегі екі есеге төмендеді. 2025 жылға дейін 2-3 жастағы балалар үшін тағы да 223 орын ашу жоспарланып отыр. Сол арқылы халықтың мектепке дейінгі ұйымдарға деген қажеттілігінің 70 пайыздан астамын қамту жоспарлануда. Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қойылатын басты талап - санға емес, сапаға жұмыс жасау. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2023 жылы 20 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырады, сондай-ақ, 79 мектепке дейінгі ұйымда «Құзыреттілік орталықтары» тұрақты негізде жұмыс жасайды», - деп атап өтті Наталья Жұмаділдаева.
📊Соңғы төрт жылда тәрбиешілердің еңбекақысы кезең-кезеңімен 25%-ға өсті. 2023 жылдың қыркүйегінде жалақы тағы да 30%-ға көтеріледі. Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке тұрудың бірыңғай базасын енгізу жүзеге асырылады. Бұл қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етеді, деректердің бірыңғай тізілімін қалыптастырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
07.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

«МӨЛДІР БҰЛАҚ»: САУРАНДЫҚТАР ҚАРАШЫҚ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫН ТАЗАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 07.05.2024 21
ҚАЖ департаменті үздіктері марапатталды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті - 06.05.2024 94
ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 94
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 98
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 69

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1315
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7360
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11228
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7414
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7566