Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы Алматыға  жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді.  Сапар барысында президент 1 маусымда Балаларды қорғау күніне арналған шараға қатысып қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Құрметті отандастар! Халықаралық балаларды қорғау күні – ерекше қуаныш пен мейірімге толы шуақты мейрам.  Баланың күлкісі мен бақытынан артық ештеңе жоқ екенін осы мерекеде бәріміз айқын сезінеміз.   Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі.  Біз заманауи мектептер мен жайлы балабақшалар салып,   инновациялық орталықтар, оқушылар сарайларын және спорт кешендерін ашып жатырмыз. Үйірмелер мен секциялар да  ұйымдастырылған.   «Балалар жылы» аясында көптеген жаңа жобалар қолға алынды. Әрбір баланың талабын ұштап, дарынын ашуды көздейтін түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда.  Мемлекет жылдан жылға бұл бағыттағы жұмысты күшейте түседі. Өйткені, жас ұрпақтың мықты азамат болып өсуі  еліміздің тұрақты дамуына және баянды болашағына жол ашады.   Жас қазақстандықтарды және барша жұртты осы жарқын мерекемен құттықтаймын!  Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!»— деді.

 Ұлттық ғылым академиясында өткен салтанатты жиынға қатысты. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ғылыми мекемені, оқу орындарын аралап көрді және жеке кездесулер өткізді.

Ол алдымен  Kaspi.kz компаниясының негізін қалаған Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені және танымал кәсіпкер әрі меценат Рашид Сәрсеновті қабылдады. Мемлекет басшысына Kaspi.kz құрылтайшылары халықаралық деңгейде танымал финтех компаниясының қазіргі қызметі мен одан әрі даму перспективаларының жоспары туралы мәлімет берді. Рашид    Сәрсеновпен кездесу барысында отандық кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері, соның ішінде бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. 

Ермек Сахариев
02.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 73
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 110
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 111
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 73
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 219
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 224
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 438
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 401

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9093
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8492
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11719
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9485
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10700