Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады

3 қазан күні Президентке Парламент Мәжілісінің спикері қазіргі заң шығару қызметі туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, Мәжіліс депутаттары «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы», «Конституциялық сот туралы», «Прокуратура туралы» заң жобаларын, сондай-ақ бірқатар конституциялық және басқа да заңдарға енгізілетін өзгерістерді қарастырып, Сенатқа жолдады. Аталған құжаттарды талқылауға сарапшылар тобы қатысты және қоғам мен БАҚ үшін жария түрде өтті.

Палата мақұлдаған заң жобалары биылғы 5 маусымда өткен референдумда халық дауыс берген конституциялық реформалардың негізгі ережелерін жүзеге асыруға бағытталған. Енгізілетін заң нормалары азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуын күшейтуге және тұрғындардың еліміздің саяси өміріне араласу мүмкіндігін кеңейтуге септігін тигізеді.

Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа парламенттік дипломатия және шет мемлекеттердің заң шығарушы органдарымен арадағы іс-әрекеттер аясындағы жұмыстардың негізгі басымдықтары туралы айтты.

Мәжіліс төрағасы Мемлекет басшысына Түркияның Изник қаласында өткен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне еліміздің делегациясының қатысқаны жөнінде баяндады. Түркі қоғамдастығы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын 2024 жылы Қазақстанда өткізу жөніндегі ұсынысты бірауыздан қолдады.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
07.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 97
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 617
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 735
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 647
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 656

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8791
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8192
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11419
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9173
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10404