Мемлекет басшысы Олжас Бектеновті қабылдады

Мемлекет басшысы Олжас Бектеновті қабылдады

    Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндалды. Атап айтқанда, алты айда 1 200 сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс қозғалып, 750 лауазымды тұлғаның қылмысы әшкереленді. Президентке қылмыстық істерді тергеу барысы және келтірілген шығынды өтеу шаралары жөнінде ақпарат берілді. Соның ішінде елден заңсыз жылыстатылған қаржы активтерін қайтару туралы да айтылды. Олжас Бектеновтің хабарлауынша, аталған шаралар аясында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Қазақстанның Еуропа кеңесінің сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік жөніндегі конвенциясына қосылуы, жемқорлардың көлеңкелі табыстарын ашу ісіндегі тиімді әдістердің бірі болмақ. Бұдан бөлек, Президенттің тапсырмасына сәйкес Агенттік «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, шенеуніктердің бизнеске заңсыз араласуын болдырмау жөніндегі қорғау тетіктері бойынша шаралар кешенін әзірледі. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысын күшейтуге қатысты бірқатар тапсырма берді.

21.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Қандастарымыздың оралуына зор тосқауыл қоятын пилоттық жоба қайта қаралуы тиіс!
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.02.2026 80
Екі достың арасын не бүлдірді?
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 19.02.2026 180
Бізге қандай  өзгеріс қажет?
Болат ДҮЙСЕМБІ, экономист-саясаткер, публицист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі - 12.02.2026 256

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23610
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23267
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39807
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36753
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40918