«Мемлекетшіл азаматтың тәрбиесі мемлекеттік тілден бастау алады»

«Мемлекетшіл азаматтың тәрбиесі мемлекеттік  тілден бастау алады»

Орал қаласында тіл саясатын жүзеге асыру аясында атқарылған жұмыстар аз емес. Соның нәтижесінде бірқатар іс-шаралар өз жалғасын тауып келеді. Соның ішінде қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Тілдерді оқыту мен дамыту оқу-әдістемелік орталығының» құрылуы – үлкен еңбектің жемісі.

Өз тілінде білім алатын 

қаракөздер көбеюде

 

Бұл туралы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Медет Мерғалиев хабардар етті. 

– Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы мемлекеттік тіл саясатының негізгі басым бағыттарын айқындайды. Еліміздің «Тіл туралы» Заңын басшылыққа ала отырып,  тіл саясатын жүзеге асыруда биылғы жылы Орал қаласында жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылуда. Ұлт пен ұлысты мемлекеттік тілдің төңірегіне топтастыру мақсатында қалалық тіл фестивалі аясында жаңа жобалар мен түрлі байқаулар өткізілді, – дейді Медет Рысқалиұлы.

Әрине, қаракөз қазақ балаларының өз ана тілін білуі – ұрпағының болашағын Отанымен байланыстыратын әр ата-анаға сын. Бұл мәселе аталмыш бөлім мамандарының назарынан тыс қалған емес. Қалалық білім беру бөлімімен бірлесе тұрақты түрде ұйымдастырылатын «Ана тілімен білімге қадам басайық!» жобасы – соның дәлелі. Бұл жоба қазақ тілінде білім алатын шәкірттердің қатарын көбейтуге бағытталған екен. Жоба барысында мамандар ұл-қызы білім беру ұйымдарының орыс топтарында тәрбиеленіп жатқан ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Оларға мемлекеттік тілдің болашағы, қазақ сыныптарында оқытудың артықшылықтары туралы ақпараттар берілген. Нәтижесінде биылғы жылдың өзінде мемлекеттік және жеке білім беру ұйымдарында мыңнан астам ата-ананы қамтыған 50-ге жуық кездесу ұйымдастырылыпты. Осы жобаның арқасында қазақ мектебінде білім алушылардың саны соңғы бес жылда 57-ден 67 пайызға көтеріліп, облыс орталығының барлық мектебі мемлекеттік тілде білім беруге қол жеткізген.  

 

Түрлі байқаулар өткізіледі

 

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және мәртебесін арттыру мақсатында түрлі байқаулар ұйымдастырып келеді. Бұл туралы аталмыш бөлімнің бас маманы Роза Зайнуллина әңгімеледі. 

 – Биыл 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала тілі – бал» байқауы ұйымдастырылып, оған 5-6 жастағы 60-қа  жуық бүлдіршін қатысты. Мақсатымыз – мектепке дейінгі жастағы балалардың мемлекеттік тілге деген құрметін, Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Іріктеу кезеңінен өткен 25 балдырған ашық байқауға шығып, өнер, тіл байлығы, жаңылтпашты жаңылмай айту кезеңдері бойынша сынға түсті. Байқау бүлдіршіндердің шығармашылығын шыңдап, олардың жүрегіне сенім мен шабыт ұялатты. Тіл мен өнер мерекесіне айналған бұл күн кішкентай қатысушылар мен көрермендердің көңілінен шығып, ерекше әсер қалдырды, – деді осы салада көптен бері қызмет атқарып келе жатқан Роза Оңғарбайқызы. Осындай іс-шаралардың тағы бірі – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қолдауымен өтетін «Ана тілім – арым» атты біліктілік байқауы. Оған қала, аудандар мен ауылдық округтердің, басқармалар мен департаменттердің әкімшілік мемлекеттік қызметшілері қатысып, мемлекеттік тілді меңгеру біліктіліктері бойынша өзара сайысқа түседі. Бұл байқауда Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының, Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасының, Орал қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына қарасты Теректі, Қаратөбе, Казталов, Сырым, Шыңғырлау, Жәнібек, Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала аудандарының мемлекеттік қызметшілері белсенділік танытады. 

Жуырда аталмыш бөлім Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай «Тілдің мерейі – елдің мерейі» атты дәстүрлі тіл фестивалін ұйымдастырды. Фестиваль барысында шаһарымыздағы мемлекеттік тіл саясатын дамытуға үлес қосып жүрген тіл жанашырлары, қоғам белсенділері «Тіл жанашыры» төсбелгісімен, Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттармен марапатталды.

 

Жаңа орталық құрылды

 

Ал биыл Орал қаласы әкімдігінің қаулысымен «Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту мен дамыту оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған.  Аталмыш мекеме өңірдегі мемлекеттік мекемелердің қызметшілеріне және азаматтық қызметшілерге, сондай-ақ халықтың басқа да топтарына  үздік әдістемелерді пайдалана отырып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқыту, қажетті материалдық-техникалық жағдай жасау, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету бағытында қызмет көрсетеді. Басты мақсат – азаматтардың білім алу қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру, тілдерді оқыту бойынша білім беру қызметін көрсету, оқу процесін оқу-әдістемелік және ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету, оқытудың үздік заманауи әдіс-тәсілдерін зерделеу, оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу. Қоғамдағы өзекті мәселелердің келесісі – сауатсыз жазылған жарнамалар. Әрине, бүгінгідей нарық заманында жарнаманың маңыздылығы жоғары. «Алайда жарнама мәтіндерінің сауатты әрі заң талаптарына сәйкес жазылуы – мемлекеттік тілге деген құрметтің көрінісі болып табылады» дейді мамандар. Осы ретте қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ҚР Тіл туралы Заңының орындалуы бойынша кәсіпкерлік нысан басшыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады. Әрине, мұндай ауқымды жұмыстарды атқаруға бір ғана мекеменің күші кемшін болары анық. Сондықтан оралдық қоғам белсенділері мен тіл жанашырлары «Бірге түзетейік!» жобасы аясында осы іске қол ұшын созып келеді. Олар халыққа қызмет көрсететін орындарды, сауда және ойын-сауық нысандарын аралап, көпшілік орындарда жиі кездесетін ас мәзірі мен нұсқағыштардың, баға көрсеткіштерінің дұрыс жазылуы бойынша әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын үздіксіз жүргізеді. 

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жоспарлы іс-шараларының бір бөлігін ономастикалық жұмыстар құрайды. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының ономастикалық атауларды ретке келтіру және идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды ұлттық танымға жақын атаулармен ауыстыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылады. Мысалы, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы бұйрығына сәйкес, атауы идеологиялық тұрғыдан ескірген 30-ға жуық көшеге Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай қаһарман ерлердің есімін беру бойынша тиісті аумақ халқының пікірін ескеру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілген. Кейбір көше атауларына қатысты түскен сұрақтар бойынша Орал қалалық мәслихатына облыс орталығындағы бірқатар көшелердің ескірген атауын өзгерту туралы мәселені нормативті-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссия отырысында қарау үшін ұсыныс жолданған. Сондай-ақ қаланың «Жұлдыз» шағынауданындағы №11 көшеге соғыс және еңбек ардагері Мұқтар Әжіғұловтың есімін беру бойынша көпшілік қоғамдық тыңдау өткен. Елді мекендер мен құрамдас бөліктерге жаңа атау беру республикалық ономастикалық комиссияда қаралып, Президент әкімшілігімен бекітілген қолданыстағы «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар»  тізімдеріне сәйкес жүргізіледі. 

– Тіл – кез келген мемлекеттің басты құндылығы, ал біз үшін – бабалар аманаты. Осы құндылығымыздың қадір-қасиетін жоғалтпау, өскелең ұрпақтың тілге деген құрметін арттыру бағытында Орал қаласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Біздің бөлім екі салаға бірдей қызмет ететін болса, соның бірі – тіл саясаты. Мемлекет басшысы да өзінің бір сұхбатында «Халықтың тілі – халықтың төлқұжаты. Мұны әрдайым есте ұстау керек. Біле білсек, ұлттық қауіпсіздік тілімізді қадірлеуден басталады» деген еді. Біз де осы мақсаттағы жұмысымызды одан әрі жалғастырып, тіліміздің тұғырлы болуына қызмет етеміз, – деп сөзін түйіндеді бөлім басшысы М.Мерғалиев.   

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
16.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

«Осындай әулиеге де орын  таппадық...»
Қажымұқан Ғабдолла - 16.10.2025 23
Еуразия тарихындағы қазақ мемлекеті және Ақпан батыр
Самат ӨТЕНИЯЗОВ, т.ғ.к. әл-Фараби және Мадрид университеттерінің профессоры - 16.10.2025 20
Халқының Нұрғисасына деген махаббаты
Гауһар ТҰРСЫНҚОЖА - 16.10.2025 21
Абаттандыру мен әлеуметтік мәселе назарда болады
Арайлы жақсылық, Жамбыл облысы - 16.10.2025 40
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 60
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 61
Иран МАГАТЭ-ні неге айыптады?
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 09.10.2025 341
ЖЕҢІМПАЗҒА КӨЛІК сыйға тартылды
Нұрсайын ШӘРІП, Солтүстік Қазақстан облысы - 09.10.2025 319

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18755
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18618
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33787
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32331
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36134