Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік кепілі

Мемлекеттік рәміздер –  тәуелсіздік кепілі

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Астана жастары» МК мекемесі мемлекеттік рәміздер күніне орай төртінші маусымда көліктер шеруі акциясын ұйымдастырды. Мерекелік салтанатты шараға астана тұрғындары мен қонақтары, жастар ұйымдары  қатысты.

1991 жылы Қазақ елі тәуелсіздігін алған сәттен-ақ егемен ел ретінде шекарасын шегендеп, іргесін қымтауға кепіл болған мемлекеттік рәміздеріміз туралы конституциялық заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Мемлекеттік рәміздердің ресми түрде бекітілгеніне биыл 30 жыл толды. Ту, Елтаңба мемлекеттік рәміз ретінде ресми 1992 жылы, Әнұран 1992 және 2006 жылы бекітілді. Тудың авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков, Елтаңба авторы – белгілі суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов, алғашқы Әнұранымыздың авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болса, қазіргі Әнұранымыздың авторлары – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев. 

Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдық мерейтойының құрметіне көк байрағымызбен әсемделген 50-ден аса көлік астана көшелерімен 30 шақырым жолды жүріп өтті. Елорда жастары мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға арналған мұндай шеру өткізуді дәстүрге айналдырған. 2017 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан салтанатты шараның мақсаты – жастар арасында Отанға деген құрмет пен патриотизмді насихаттау. Тұғырлы Тәуелсіздігіміздің айбынды Туы мен айшықты Елтаңбасын, әуезді Әнұранын қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу. 

Мемлекеттік рәміз – кез келген мемлекеттің тәуелсіздігі мен біртұтастығын айқындайтын қасиетті бойтұмар. Сондықтан оны еліміздің әрбір азаматы қастерлеуге, мәңгілік биік ұстауға міндетті. Жастардың ерекше белсенділігімен ұйымдастырылған автошеру Тұран даңғылындағы «Қазақстандық күн» монументі алаңынан басталып, Тәуелсіздік даңғылындағы «Қазақ елі» монументі алаңына тоқтады.

– Біз мемлекеттік рәміздерді насихаттап, қаланың ең көрікті жерлерімен жүріп, қала тұрғындары мен қонақтарының ыстық ықыласы мен құрметін сезіндік. Мұндай патриоттық автошеру жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Қаланың авто клубтары жылда бұл шараны асыға күтеді. Қазақстан рәміздерінің 30 жылдық мерейтойы құтты болсын! – деді Нұр-Сұлтан қалалық жастар мәселелері басқармасының басшысы Ақұлан Тастемір. 

Ал авто-мото спорттан мемлекеттік жаттықтырушы Нұрпейіс Қоныспаев: 

– Барлық спортшының арманы – мемлекеттік тудың көтерілгені және әнұранның орындалғаны. Осы іс-шара мемлекеттік рәміздерге деген көзқарас пен рухты көтереді деп ойлаймын. Сондықтан барлық автошабандоз бұл іс-шараны қуана қабылдады, – деді. 

Әлемдік додаларда еліміздің Әнұраны әуелей шырқалып, туымыз зәу биікке шарықтай көтерілгенде кеудеге мақтаныш сезімі ұялап, жүрекке жылылық сыйлаған сәттер жан тебірентеді емес пе! Ендеше, еңселі еліміздің еркін ойлы жастарының ел сүйсінтер ісіне қуана білуіміз керек.  Мемлекеттік рәміздер күнінің кең көлемде ерекше әсермен ұйымдастырылуы – құптарлық іс. Елорда тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлап, бірлік пен татулыққа ұйыстыра білген жастарға көпшіліктің алғысы шексіз.

 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
09.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 149
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 146
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 659
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 779
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 691
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 702

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8841
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8238
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11465
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9222
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10449