«Мені ұр, соқ, бірақ газетіме тиіспе!»

«Мені ұр, соқ, бірақ газетіме тиіспе!»

Ұстазымның өзінің сүйікті мамандығына тер төгіп, жұмыс істеп жүрген шаңырағына, нағыз редактор ретінде газетке деген шын жанашырлығын, махаббатын дәлелдейтін басымнан кешкен мына шағын екі оқиғаны баяндағым келеді. 

1987 жылы «Қазақ әдебиетіне» жұмысқа келгенімді айттым. Секретариатқа қызметке алды. Ол кезде газет жұмысы өте ауыр болатын. Суреттерді боямалап (ретуш) баспаханаға алдын ала жібереміз. Олардағы бейнелерді темірге бедерлеп (клише) болашақ газетке жапсырамыз. Міне, менің алғашқы күнгі кезекшілігімде әлгі клишелер жоғалып кетті. Ал ол темір суреттерсіз газет шықпайды. Қайта жасау үшін бір күн керек. Сонымен түнде газет басылмады. Яғни газет оқырман қолына тимеді. Ол кезде мұндай оқиғалар жоғары жақтан кешірілмейтін. Таңертең бір ағамыз жоғалған суреттерді әкелді. Жігіттер оны қасақана жоғалтып жіберген адамды да тауып, жетектеп Шер-ағаңның алдына әкелді. 

– Әй, пәленше! Мені ұр, соқ, тепкіле, жоқ қыл! Бірақ газетіме тиіспе! – деді Шер-ағаң жолбарыстай ақырып...

Екінші оқиға да бір аптадан соң болды. Секретариатта талантты суретші ағамыз болды. Газеттің макетін, оның безендіруін терең түсінетін жан болатын. Лездемеде сол суретші ағамыздың тағдыры талқыға түсті. Ұжым мүшелері байғұсты ортаға алып әбден сілкіледі, жамандады. Барлығы дерлік оны жұмыстан шығаратын болып, жардың жиегіне әкеліп қойды. Бір  минөттей үнсіздік орнады. Жұмыстан шығару жөніндегі үкімді енді бас редактор Шер-ағаң айтуы тиіс. Кілең мүйізі қарағайдай-қарағайдай ағаларымның бұл күстанауларын мен түсінбедім. Жаңа келіп жатсам да, мен де ойымды айтқым келіп қолымды көтердім. 

– Шер-аға, мен ойымды айтсам бола ма? 

– Айт, сары бала! – деп ол кісі гүр-р ете қалды. 

– Шер-аға, сізге заманауи безендіруі бөлек тамаша газет керек пе? – дедім сауал тастап. Шер-ағаң мына оқыс сұрағыма мырс етіп күлді.

– Әрине, керек! 

– Ендеше, газетті жасау осы ағамның қолынан келеді...

Тағы да шыбынның ызыңы естілер тыныштық орнады. Шер-ағаң ыңырана үн қатты. 

– Әй, пәленше! Сенің жаныңды уақытша мына сары бала сақтап қалды. Жасаңдар, көрейік! Сендерге 3 ай мерзім беремін. Егер осы уақытта ондай газет шығара алмасаңдар, екеуіңді де жұмыстан шығарамын!..

Біз тарастық. Орта Азия бойынша безендіру жөнінен бірінші орын алдық. Сол үшін бүкіл ұжымға сыйақы берілді. Шер-ағаң ағам екеумізге жұрт алдында алғыс жариялады...    

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ
20.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 59
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 584
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 699
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 613
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 622

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8758
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8158
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11387
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9141
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10372