Министр мектеп кітапханаларын сынға алды

Министр мектеп кітапханаларын сынға алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрлігіне ұлтымыздың оқуға құштарлығын арттыру үшін тиісті шараларды қабылдауды тапсырған болатын. Осыған байланысты елімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Адамның жетістікке қол жеткізіп, бәсекеге қабілетті әрі қазіргі қоғамда өзара байланыс орната білетін тұлға болып қалыптасу үшін кітап оқуға деген құштарлықтың әсері мол. Кітап оқу сауаттылығы деңгейін анықтау мақсатында әлемнің көптеген елдері OECD және IEA сынды халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне қатысып, нәтижелерін қолданады. PISA зерттеулерінің нәтижелері бойынша Қазақстан оқушылары оқу сауаттылығы бойынша Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдеріндегі өз қатарластарынан едәуір артта қалып отыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің фейсбук парақшасында жазған еді. PIAAC халықаралық зерттеуінің қорытындысы бойынша еліміздегі 16-дан бастап 55 жасқа дейінгі азаматтардың да оқу сауаттылығы нашар болып шыққан. Яғни, өкінішке орай, еліміздегі ересек азаматтардың да оқу сауаттылығы төмен деңгейде. Бұл – бүгін ғана белгілі болған проблема емес, жылдар бойы қордаланған мәселе. Біздің балаларымыз кітапты оқуға келгенде жалқаулық танытатыны бір бөлек, кейде оқыған мәтінді нашар түсініп, дұрыс қабылдай алмайды. Оған қоса талдау және қорытынды жасау дағдылары да ақсап тұр. Бұл шын мәнінде ұлттың бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін үлкен проблема. 

Осы орайда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп кітапханаларының жұмысын сынға алды. Оның айтуынша, қажетсіз кітапты артық сатып алған мектептер бар. Сондай-ақ, министр мектептерде көрмелердің дұрыс ұйымдастырылмайтынына да тоқталды. Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мен оқу сауаттылығының сапасын арттыру – біз үшін үлкен міндет. Осы бағытта біз «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асырып жатырмыз. Әрине, жақсы өзгерістер бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Кітапханалар қазір балаларға қажет оқулықтармен толықтырылып жатыр. Жаңа 400-ден астам коворкинг орталығының ашылғаны, кітапханашылардың жұмысын жаңа форматта жалғастыра бастағаны, оқырмандар санының көбеюі бізді қуантады. Десе де әлі шешілмей жатқан сұрақтар баршылық»,- деді Асхат Аймағамбетов. Әрі қарай министр аталған жобаның барлық өңірде бірдей жүзеге асып жатпағанына тоқталды. Әсіресе, елордада жүзеге асу деңгейі өте төмен. Жаңадан енгізілген күнделікті 20 кітап оқуды да қолға алуды жалғастыруды тапсырды.

«Өткенде бір мектепке барып, кітапханасын қарадым. Балаларға арналған кітапхана болғандықтан, мен мұндалап тұрған кітаптарды көрсетіп қою керек. Бірақ, оның орнына балаларға қызық емес туындыларды алдыңғы қатарға шығарып қойған»,- деді министр.

Cонымен қатар, Асхат Аймағамбетов мектептерге қажетсіз кітаптардың сатып алынғанына тоқталды. Осы орайда, ол арнайы тізім барын еске салды. «Кей қажет емес кітаптар сатып алынған. Мүмкін қажет те шығар, тек сан жағынан артықтау. Әйтеуір, кітап сатып алу керек деп ойға келген кітапты сатып алудың қажеті жоқ. Тиісті тізім мен мектеп бағдарламасы бар. Кітапты сол бағдарламаға сәйкес қана сатып алу керек. Бұл жұмыспен бізде республикалық кітапхана мен оқулық орталығы айналысып жатыр. Сіздерге тағы екі жұма уақыт беремін. Барлық білім беру ұйымы бойынша тиісті талдау жұмысын жүргізіп, есеп беріңіздер. Сол есеп нәтижесіне сәйкес, тиісті шараларды қабылдаймыз»,- деді А. Аймағанбетов.

22.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 32
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 153
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 190
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 186
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 153
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 299
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 297
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 517
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 470

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9171
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8569
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11797
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9566
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10777