Министрлік жауап берді, бірақ...

Министрлік жауап берді, бірақ...

Хатта баяндалған ең басты мәселе ұлт мектептерінде «қазақ тілі мен әдебиеті» деп өзара кірігіп кеткен қос пәнді бөліп, дербес сипатта оқыту мәселесі еді. Министрлік тарапы бұл мәселеге былай деп жауап қатыпты: «Атап айтқанда,қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін бөліп оқыту, «Қазақ тілі» пәнін оқытуда функционалдық-коммуникативтік дағдыларды дамытумен қатар грамматиканы жетілдіру, грамматиканы жүйелеу, оны меңгертуге басымдық беру, лексикалық тақырыпты грамматикалық тақырыппен сәйкестендіру, оқытылатын шығармаларды қайта қарау жұмыстары жүргізілуде». Осы бір ауыз сөз қазақ тілінің дербес оқытылуына мүдделі мемлекеттік тіл жанашырларының көңіліне медеу болуға жарап тұр. Етті сүйектен ажырата алмайтыны сияқты лексикалық тақырыптарды грамматикалық тақырыптармен сәйкестендіріп оқытудан көп жақсылық күтеміз. Ал ұлт мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті деген жалпы атаумен меңгертіліп жүрген екі пән өзара дербестік  сипат алса, мемлекеттік тілді үйретуде көп құндылыққа қол жеткізген болар едік. Сондай-ақ мектеп бағдарламасына енген көркем шығармаларды қайта қарау, толықтыру, саяси, ғылыми мәтіндерді емес, көркем туындыларды көбірек ұсынса үлкен бір игі істің атқарылғаны болар еді.

  Дегенмен бұл жауқазын жақсылықтардың жүзеге асар уақыты таяуда емес-ау деген қауіп те жоқ емес. Оған жауапқа жеткен үшбу хаттың мына сөзі дәлел: «Сонымен қатар  пәндерді бөліп оқыту республикалық бюджеттен қосымша қаржы талап ететінін және оқушының жүктемесін ұлғайтатынын да ескеру қажет». Енді дәл осы жауапқа қарсы айтар уәжіміз бар. Біріншіден, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері кіріктірілгенде, жүктеме санында еш өзгеріс болған жоқ. Яғни екі пән біріккенге дейін орыс мектептерінда 5-11-сыныптарда 5 сағат, ұйғыр, тәжік, өзбек тіліде оқытатын мектептерде 5-11-сыныптарда 3 сағаттық жүктемемен оқытылған. Бұл пәндік жүктеменің бір сағаты дербес қазақ әдебиеті пәніне тиісті болатын. Ал, кезең-кезеңімен жаңартылған білім беру мазмұнына көшкен кезде, аталмыш екі пән бір-біріне жалпылама кірігіп кетті, алайда жүктеме санында еш айырмашылық жоқ. Дәл қазіргі уақытта орыс мектептері 5-11 сынып аралығында «қазақ тілі мен әдебиеті» деген пәнді аптасына бес рет ежіктейді (тіл мен әдебиетті қосақтап тастаған соң, түсініксіз пән пайда болған), ұйғыр, өзбек тілінде білім беретін мектептерде 5-11-сынып аралығында 3 сағаттық жүктеме сақталып отыр. Дербес оқытқанда да, қосақтап оқытқанда да жүктеме санына нұқсан келмеген. Енді республикалық бюджеттен қаржы күтпей, дәл осы жүктемені сақтай отырып, тек қазақ әдебиетін бұрынғы қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған замандағыдай жеке пән есебінде бір сағаттық жүктемеге ие етсе жарар еді. Даралап оқытылса да, кіріктіріліп оқытылса да, оқушы үшін апталық жүктеме саны ұлғаймасы анық. Осы себептен де «оқушы жүктемесі ұлғаятынын ескеру керек»  деген желеумен қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері бөлініп оқытылудан ада болып қалмас па екен деген алаңымыз бар. Сондай-ақ сөз болып отырған қасиетті қос пәнді бөліп оқыту республикалық бюджеттен арнайы қаржыны бөлуді талап еткен күннің өзінде  ұлтымыздың жаны-тілімізден аярымыз болмауы тиіс. Ұлт мектептері түлектерінің мемлекеттік тілде сайрап шығуы бәрінен де маңызды. Міне сондықтан да аталмыш мәселені алдағы уақытта да назарымызда ұстайтын боламыз.

 

Айзат РАҚЫШ
10.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 33
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 111
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 302
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 925

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8998
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8393
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11618
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9376
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10602