«Миттал кен комбинатын, Машкевич вагон зауытымды тартып алды»

«Миттал кен комбинатын, Машкевич   вагон   зауытымды   тартып алды»

Белгілі кәсіпкер, меценат Марат Әбиев 90-жылдардан бері елімізде кен орындарының жұмысын жүргізумен айналысады. Алайда оған ықпалды байлар бірнеше рет рейдерлік әрекеттермен кедергі жасап, кәсіпорындарын алып қойып отырған. Өзінің күрес тарихын ол Qasqa Jol Youtube арнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында айтып беріп, ағынан жарылды. 

«Мен Кеңес үкіметі ыдырағаннан бастап бизнеспен айналыса бастадым. 1996 жыл Лисаков кен байыту комбинатын алдым. Тоқтап тұрған мекемені жұмыс істеттік. 1999 жылға қарай пайдасын жүз он есе көтердік. Содан кейін Лакшми Миттал келді (үндістандық ірі кәсіпкер, «Арселор Миттал» кәсіпорнының қожайыны). «Бізге мына кен орны керек» деді. Өйткені олар Қарағанды комбинатынан металл шығарады, Теміртаудан темір рудасын шығарады. Сол үшін арамызда «соғыс» болды. Сөйтіп, оны тартып алды. Оның арғы жағында Назарбаев тұрғанын кейін білдім, тіпті Президент әкімшілігінің басшысы «бізге ақша төлеп тұрыңыз» деген ұсыныспен де келген, ал мен бас тарттым», – деп айтты Марат Әскенұлы. 

Оның айтуынша, кәсіпорынға сол кезде әскерилер басып кірген. «Соттың шешімінсіз ОМОН-дықтар автоматпен келді де, «шық, кет» деді. Мен кетпей отырып алдым. Қолымда екі граната болды. Қаншама күш салып, жұмыс істеп отырған жерімнен қалай кетіп қалам? Содан олар кетіп қалып, түстен кейін тағы келді. Сот шешімін сұрасам, бере алмады.  Демократиялық мемлекетте бұл таза заңсыз әрекет. Қазір мүмкін басқаша болар ма еді?» – деп еске алады кәсіпкер. 

«Одан кейін Ақмола облысында тоқтап тұрған вагон жөндеу зауытын қолға алдым. Ол да тоқтап тұрған, 300 млн қарызы бар мекеме еді. Оны жұмыс істетіп, пайдасын 87 есе арттырдық. Қазір де жұмыс істеп тұр. Біз 111 вагон шығарғаннан кейін бір кісілер келіп «Мәке, сен енді вагон шығармай-ақ қой, сырттан вагон импорттап жатқандардың жұмысына кедергі болып отырсың, сенің вагондарың тым арзан, одан да жөндеумен айналыс» деп өндірісті баяулатты. Одан соң  2004 жылы Александр  Машкевич (израильдық кәсіпкер, ERG компаниясының басшысы) зауытты бер деп келді. Онымен де «соғыстық», – дейді ол. 

«Содан амалсыз зауыттан ақшамды шығардым да, 2005 жылы Ерейментаудағы Сарыадыр көмір кен орнын сатып алдым. Жылына 37 мың тонна көмір өндіретін еді, сол көлемді 3,5 млн тоннаға жеткізіп, өнімділігін 92 есе көбейттім. Оны да алып қойды», – деп мұңын айтты Марат Әскенұлы. 

Айта кетсек, Марат Нәбиевтің «ОН-ОЛЖА» ЖШС Сарыадыр көмір кеніші үшін «Темірбанктен» (қазіргі Forte bank) 2 млрд теңге қарыз алып, дағдарыс орын алуына байланысты уақытында түгел қайтара алмай қалады. Содан компанияны банкротқа ұшыратып, лицензиясын алып қояды. 

Қазір Марат Нәбиев жаңа технологиялар саласындағы кәсіпорындардың жұмысымен айналысады. 

«Дүниежүзінде іс жасайтын адамдар үш-ақ пайыз. Сосын орындаушылар бар, ештеме істемейтін адамдар бар. Бұлардан бөлек тартып алатындар мен бөлісетіндер бар. Қазақтар тартып алу мен бөлуді жақсы біледі де, көбейту мен қосуды білмейді», – деп ашынады ол.

ЖАНДАУЛЕТ ДИГАРБЕКОВ
30.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 63
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 588
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 703
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 617
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 627

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8763
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8162
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11391
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9145
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10376