Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 4-7 желтоқсан аралығында Жапонияның Нагоя қаласында өткен 2025 жылғы ISU Гран-при финалында бақ сынады. Турнир қысқы күнтізбенің ең беделді жарыстардың бірі әрі Гран-при нәтижесі бойынша маусымның ең үздік алты спортшысын біріктірді. Ұлттық командалар үшін бұл жарыс негізгі чемпионаттар мен алдағы 2026 жылғы Олимпиада ойындарына дайындығының маңызды көрсеткіші. Екі бағдарлама қорытындысы бойынша Михаил 242,19 ұпай жинап, алтыншы орынға шықты. Қысқа бағдарламада 71,30 ұпай, еркін бағдарламада 170,89 ұпай жинады. Нәтиже екі жарыс күн қорытындысымен жинақталып, әлемдік ерлер арасындағы жетекші коньки тебу спортшыларының жалпы бәсекелестік деңгейін көрсетті. Ақтық жарыста Михаил Шайдоров маусымның бірінші бөлігін аяқтап, турдың ең мықты спортшылары арасындағы орнын сақтап қалды.
«Орташа деңгейде сырғанадым, жақсы да, жаман да дей алмаймын. Физикалық тұрғыдан өзімді жақсы сезінемін. Жалпы, анағұрлым жеңіл әрі оңай сырғанадым, өзімді жеңіл сезіндім. Осы мұзға шығуым үшін күрестім, қолымнан келгенін жасадым, жалпы бұл жыл ауыр болды, оңай тиген жоқ, әрі мәресіне жетіп келеді. Маусымның осы жартысынан алған сабағым әртүрлі, бірақ ең бастысы — сабыр сақтау. Табыс пен мақсаттарға жетудің кілті сол», – дейді спортшы.
Нагоядағы финал өте тартысты өтті, ал қорытынды нәтиже олимпиада цикліндегі ерлер арасындағы жекелей коньки тебудің жоғары техникалық деңгейін көрсетті. Илья Малинин жеңіске жетті, Юма Кагияма күміс, ал Сюн Сато қола медальді иеленді. Михаил Шайдоров үшін өнер көрсетудің бұл бастамасы маусымның Гран-при сериясындағы сәтті кезеңінің логикалық жалғасы болып, онда финалға шығу үшін қажетті рейтингтік ұпайын жинады. Нагояда спортшы ең үздік жекелей конькишілермен бірге бақ сынасып, жоғары бәсекелестік ортада өзінің қазіргі жағдайын бағалауға мүмкіндік берді.
«Біз костюм ауыстырамыз деп шештік, себебі алдыңғысы тым ауыр әрі ыңғайсыз еді, киім қолымның қозғалысы мен кейбір қимылымды шектеген. Иә, маған ұнаған, дегенмен музыка таңдау сияқты, бұл де менің таңдауым болды».
Михаилдің Жапониядағы өнер көрсетуі қазақстандық мәнерлеп сырғанау спортындағы маңызды оқиға. Бұл елдегі ерлер арасындағы жекелей жарысқа қызығушылықты арттырып, жас спортшыларға шабыт беріп, Қазақстанның жаһандық қысқы спорт түрлері күн тәртібіндегі орнын нығайтты. Спортшының командасы бас демеуші Владимир Викторович Джуманбаевтың «Алтыналмас» компаниясының қолдауын ерекше атап өтті. Нагоядағы финал маусымның осы кезеңіндегі маңызды сынақ болып, одан әрі ілгерілеудің бағыт-бағдарын белгіледі.















