МОЙЫНҚҰМДЫҚТАР РЕФЕРЕНДУМҒА ТАС ТҮЙІН ДАЙЫН

МОЙЫНҚҰМДЫҚТАР РЕФЕРЕНДУМҒА ТАС ТҮЙІН ДАЙЫН

Қордайдан шығып, атақты шопан атаның ауылы Мойынқұмға бағыт алдық. 

Қордайдан Шу қаласына дейінгі республикалық мәндегі жол біраз діңкелетіп еді, Төлеби ауылы тұсынан жақында реконструкциядан өткен тақтайдай тегіс Меркі-Бұрылбайтал тас жолына түсіп, Жаз-атаның ауылына демде жетіп бардық. 

Қордай ауылы мен Шу қаласын жалғап жатқан күре жол республикалық болғанымен, қазіргі күйі елдік талапқа сай емес. Әсіресе Қайнар ауылы ішіндегі бөлігі тіпті тозып кеткен. 

Фотоға түсіріп жатқанымызды көріп, бір көлік келіп  тоқтады қасымызға. 

— Мен қанша рет салдым әлеуметтік желіге, дым нәтиже жоқ, елең еткен ешкім болмады, — деді бірден көлік жүргізушісі. Аты-жөні Жеңіс Орынәлиев екен, осы ауылдың тұрғыны өзі. Сөзінде сенімсіздік, ішінде қыжыл басым. 

— Жүк көліктері тынбайтын болды. Қырғыз еліне тұз да тасиды бұл жолмен. Жолымыздың тоз-тозы шықты, — деген тұрғын атқарушы билікке бұл мәселені жеткізуімізді өтінді. 

Ал жуырда облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің әлеуметтік желідегі жол сапасына қатысты пікірі көңілге қонымды болды. 

Онда аймақ басшысы жолды жылда жөндей бергенше, сапаны күшейтіп, көзбояушылықты тоқтату керектігін қатаң ескерткен болатын. 

Негізі Қайнардан өткеннен кейінгі жолдың жайы тәуір көрініп еді. Шуға жеткенше алдымыздан асфальттің талай шұңқыры қарсы алды. 

... Күн ыстық болғанымен жол бойы әр жерде жаңбыр себелеп тұрды. Жалпы, былтырғыға қарағанда биыл Мойынқұм даласының шөбі от көрінді. Ол көктем шыққалы көктен жауған несібе — жаңбырдың молдығынан әрине. Бұйыртса биыл мал қоңды болатын түрі бар.

Мойынқұмдағы сапарымыз ұзаққа созылмады. Аудан әкімі Әлихан Балқыбековтің қабылдауында болдық.

Бұл кездесуде аудандық білім бөлімінің басшысы Жайдар Жазықбаев,  аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Данияр Ахметбеков те болды. 

Жалпы, кездесуде халықаралық «Qazaqstan dauiri» газеті ЖШС-нің Бас директоры, Ел анасы Сәуле Мешітбайқызы аудан мен серіктестік арасындағы тығыз байланысты одан әрі дамыта беруді сөз етті.

Сонымен бірге С.Мешітбайқызы өзі басшылық ететін серіктестікке қарасты халықаралық газеттің 30, «Мөлдір бұлақ» балалар журналының 20 жылдық мерейтойы жайлы әңгімеледі.

Кездесуде 5 маусым күні Конституцияға өзгерістер енгізуге байланысты өтетін жалпыхалықтық референдумға дайындық жұмыстары да сөз болды. 

Аудан басшысы Ә.Балқыбеков арнайы құрылған штабтың атқарып жатқан жұмысын, елді мекендерге жаднамалық билбордтар түгел орналастырылғанын айтып өтті. 

Бұл тақырыпқа байланысты С.Мешітбайқызы да өз ойын ортаға салып, бұл саяси шараның ел болашағы жолындағы жарқын қадам екеніне тоқталды.

Ал ауданға бас дәрігер болып келгеніне көп бола қоймаған Данияр Ахметбеков денсаулық сақтау саласына қатысты сөз саптады. 

Айтуынша, соңғы жылдары медицинаға бөлініп жатқан көңіл әлі де халық сұранысына жеткілікті қызмет ете алмай келе жатқан көрінеді. Оған біріншіден кадр тапшылығы себепші болса, екіншіден қажетті заманауи  қондырғылардың аздығы да қолды байлайды екен.

Мойынқұм жеріндегі сапарымыз жайлы толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар. 

 

 

Жасұлан СЕЙІЛХАН, Жамбыл облысы
20.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТАУ БАУРАЙЫНДАҒЫ АЩЫСАЙ АУЫЛЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 23.04.2024 30
БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Мақсат Қазанғапов Талас аудандық білім бөлімінің басшысы - 23.04.2024 17
ОТЫРАРДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНДА ИГІ ІСТЕР АТҚАРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 23.04.2024 25

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 980
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7031
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10874
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7098
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7238