Мұғалім, журналист, таксиші лаңкес болғаны ма?

Мұғалім, журналист,  таксиші лаңкес болғаны ма?

 

Журналист әрі белсенді Айгерім Тілеужан «әуежайда тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген айыппен 4 жылға сотталды. Мамандығы мұғалім әрі белсенді Қалас Нұрпейісов, Алматының үш тұрғыны – Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев және Жанайдар Кәрменов 8 жылға түрме жазасына кесілді. Айыпталушылар тағылған айыптарды жоққа шығарды. Айгерім Тілеужанованың сотта сөйлеген соңғы сөзін оқырман назарына ұсынамыз: «Қаңтар кезінде халықпен бірге болғаныма еш өкінбеймін! Жазықсыз азаматтарды азаптап, өлтіру, ал азаптағандарды жауапқа тартпау – бұл сол қылмысты құптау, яғни бірдей қылмыскер болу. Өмір алма-кезек екенін неге адамдар ұмытып кетеді екен? Адамзатқа қарсы қылмыстардың аяқталу мерзімі жоқ екенін де естен шығармағандарыңыз жөн. Қаңтар көтерілісі кезінде ширату, шағу, жағу, өртеу жұмыстарын кім іске асырғанын, Тоқаев және командасы, қарапайым халықтың арасынан емес, өз қатарларыңыздан іздеңіздер. Әй, қайдам, шынайы тергеу жүргізсеңіздер, ізі өздеріңізге, не өздеріңіз мүддесін қорғап отырған ескі жүйе өкілдеріне әкеп тіреледі деп қорқасыздар ма? Өтіріктің құйрығы бір тұтам. Заман өзгерді, халықты алдай алмайсыздар!» – деді белсенді.

Шындығында, «әйел кісі мен өз нанын тауып жүрген бірнеше таксист Алматының әуежайын басып алды» дегені, қарап отырсаңыз, ақылға сыймайтын нәрсе екен. 

Сонда бұларды не үшін соттап жатыр? Белсенділігі үшін. Бұл екеуі де (бірі – журналист, екіншісі – мұғалім) биліктің «мазасын алатын» азаматтар. Екеуі де талай митинг, акцияларға қатысып жүргендердің қатарынан. Қалған үшеуі таксимен адам тасып, күнін көріп жүргендер. Қаңтар кезінде «20 мың терроршы болды» дегендері билікке қарсы терроршы топ, экстремистер осы кісілер болғаны ма? Былтыр ұсталып, әбден таяқ жеген «терроршы» қырғыздың джаз музыканты болып шыққаны естеріңізде  болар.  Сол  тірліктері  үшін бастары дауға қалған болатын. «Ауыздары күймейді» екен… Біздіңше, ел-жұртты шулата бергенше, бұл сотталғандардың нақты қылмыстарын неге жария етпейміз? Сонда бәрі айқын көрінер еді.

 

 

РАУАН МУТАИР
14.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 27
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҮШІН БИЫЛ АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА 15 500 ГРАНТ БӨЛІНЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 26
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 32
 СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 02.05.2024 28
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 28

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1186
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7233
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11097
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7297
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7442