Мыңдаған өсімдік егіліп, жүргіншілер аймағы жаңартылып жатыр

Мыңдаған өсімдік егіліп, жүргіншілер аймағы жаңартылып жатыр

Алматыда Күләш Байсейітова атындағы көшені көркейту жұмыстары жалғасып жатыр. Мұнда жүргінші инфрақұрылымы жаңартылып, аумақ көгалдандырылуда, суару жүйесі орнатылып, көше жарығы жаңғыртылып жатыр.

Көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінген. Жоба аясында жылтыр ырғай, ақ дерен, арша және сыпыртқы тәрізді гортензия секілді 10 392 сәндік бұта егу көзделген. Сонымен қатар сальвия мен қылтанбаспен қоса, 804 көпжылдық өсімдік отырғызу жоспарланған. Аталған аумаққа бес еуропалық жөке ағашы да егілді.

Жасыл желекті тиісті деңгейде күтіп баптау үшін 4 шақырым тамшылатып суару жүйесі тартылды. Бұл өсімдіктерді қажетті ылғалмен қамтамасыз етіп, көгалдандырылған аумақтарды күтіп ұстауға мүмкіндік береді.

Жүргінші инфрақұрылымын жаңарту бойынша да ауқымды жұмыс атқарылды. Көшеге 5 893 шаршы метр жаңа төсем төселді. Оның 2 730 шаршы метрі – гранит, 3 163 шаршы метрі – асфальт төсемі. Қала тұрғындарының демалуы үшін 17 орындық орнатылды.

Көркейту аясында көше жарығын жаңарту да көзделген. Қазіргі уақытта жұмыс жүргізіліп жатқан аумақты жарықтандыру үшін уақытша бір шамды жарық тіректері орнатылды. Жүргінші жолын реттеу жұмысы аяқталғаннан кейін олар жаңа екі шамды жарық тіректеріне ауыстырылады.

24.11.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29828
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 29384
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46610
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 42181
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46959