Мырзағали Айтжанов өз еркімен қызметінен кеткен Қайрат Сәтжановтың орнына бокстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Мырзағали Айтжанов ұлттық құрама командасын 2009-2018 жылдар аралығында басқарды. Осы кезде Лондондағы Олимпиада ойындарында Серік Сәпиев чемпион және Вэл Баркер кубогының иегері атанды, Рио-де-Жанейродағы ойындарда Данияр Елеусінов осы жетістікті қайталады. Ол бас бапкер болған жылдары Қазақстан боксшылары әлем чемпионаттарында 5 алтын медаль (2013 жылы – 4, 2017 жылы – 1) жеңіп алған. Мырзағали Айтжанов – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.