Н. Нәлібаев: «Біздің кеңесшіміз –халық!»

Н. Нәлібаев: «Біздің  кеңесшіміз –халық!»

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев келген бойда, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын саралады. Келелі жиындарда мәселелер талқыланып, елдің әлеуеті, атқарылған жұмыстары баяндалды. 

Облыс әкімі өңірдің негізгі макроэкономикалық даму көрсеткіштерінің басым көпшілігі республикалық деңгейдегі орташа көрсеткіштен төмен екенін ескертті және инвестицияларды тарту жұмысын тез арада күшейтуді тапсырды.

Жиында өндірісті дамыту, шағын және орта бизнесті көбейту, инвестицияларды тарту бағытында атқарылған жұмыстарға талдау жүргізді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы және жер дауы мәселелері де шет қалмады. 

Мұнан өзге энергетика саласында инфрақұрылымдық желілердің тозу деңгейін саралап, келер жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын осы кезден бастауды тапсырды. 

Кеңейтілген жиында білім, денсаулық, жұмыспен қамту салаларындағы өзекті бағыттар ашық талқыланды. Нұрлыбек Нәлібаев ана мен бала өлімін азайту, жаңа мектептер салу, нақты жұмыс орындарын құру бағытында кешенді талдау жүргізіп, ұсыныстар даярлауды қатаң тапсырды. 

Сондай-ақ, аймақтың қоғамдық-саяси ахуалы мәселесін саралаған өңір басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымы аясында қоғаммен сындарлы диалог орнатуға дайын болуды және әлеуметтік шиеліністі болдырмауға қажетті жұмыстарды күшейтуді жүктеді. 

Облыс басшысы мемлекеттік аппаратты оңтайлы және тиімді ету мақсатында бағыттас басқармаларды біріктіріп, 24 басқармадан 8-ін қысқартып, облыс әкімдігінің құрылымында 16 басқарма қалатынын жеткізді. Сондай-ақ, бұдан әрі облыс әкімінің штаттағы және штаттан тыс кеңесші лауазымдары болмайды. Аймақ басшысы «біздің кеңесшіміз – халық!», - деді.

Облыс әкімі өңірдің экономикалық көрсеткіштерін дамыту бағытында атқарылатын бірқатар мәселелерді де атап, алдағы міндеттерге тоқталды. 

Бейбітбек Бүркітбайұлы
28.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 108
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 143
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 142
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 108
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 252
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 255
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 466
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 428

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9128
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8525
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11752
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9520
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10733