Науқасқа басты ем – жылы сөз

Науқасқа басты ем – жылы сөз

Дәрігер деген – кең ұғым, қастерлі  мамандық. Бұл мамандық иелерінің де жауапкершіліктері  мол, атқаратын жұмыстары да ауқымды. Осы маман иесі болған жандар қызығы мен шыжығы  мол өмір жолымен  өз жұмыстарын атқарып келеді. Солардың  бірі  – адам  денсаулығына жауапты  саланың тізгінін ұстаған  білікті  дәрігер  Сүлейманова  Лайла Есполқызы. 20 жылға  жуық  еңбек  өтілімі бар. Алғашқы еңбек  жолын  2005 жылы Алматы қаласы, «№10 емханада» дәрігер-педиатр қызметінен  бастаған. Дәрігер  мамандығына 1995 жылы  Ақмола қаласындағы мемлекеттік  медицина институтына  түсіп, 2001 жылы бітіріп шықты. 2019 жылы «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің, «Қоғамдық денсаулық сақтау»  мамандығы  бойынша магистр дәрежесін  оқыды. «№10 емханада» 2015-2016 жылы  бөлім меңгерушісі болып, 2017 жылдан бастап  емдеу жөніндегі директордың  орынбасары  қызметін атқарып келеді. Медицина саласында   I дәрежелі  «Жалпы тәжірибелік»  біліктілік санаты бар, білім көтеруде  бірнеше куәліктері (сертификат)  бар, өз мамандығының  білімді  маман иесі деп айтуға болады. Отбасында дәрігер мамандығын  таңдауға нағашы  атасы  ықпал еткен екен.  Қалауымен таңдаған мамандық бойынша, адам өміріне  араша түсіп,  емдеу арқылы  дәрігер мамандығының қыр-сырын меңгерген. Емхана –өте күрделі механизм, оның қиын да жауапты  жұмыстары  күнделікті  болып тұратын мекеме. Лайланың ойынша,  алдымен  дәрігер жұмысына уақытында  келіп, үлкен жауапкершілікті сезініп, науқастың  диагнозын дұрыс қойып емдеген жөн. Ал ауыр науқастарға жедел түрде көмек көрсету үшін медициналық  шараларды жоғары деңгейде меңгерген болу керек. Емдеу тәжірибесінде жаңа заманға сай, медициналық аппараттар мен құрал-жабдықтарды енгізе отырып, емдеу саласын арттыруда көңіл бөлген жөн. Өз ісінің шебер маманы ізденімпаз, білімді, өз ісін  тиянақты, сапалы атқарғаны абзал. Өзіне келіп түскен өтініштермен жедел түрде шешімдер қабылдап, науқастарды емдеу жолдарын уақытылы көрсетіп беру керек. Өзінің адал еңбектері үшін  емделушілерден де ризашылықтарын  алған  дәрігерге еңбегінің  жемісін көрсетеді. Тек  ісімен ғана емес, жүрегімен  де емдей білген ақ халатты абзал жандар бола білу керек деп айтып өтті.

 Ақ халаттылар жұмысының бір ерекшелігі – науқастармен үнемі қарым-қатынаста болу. Дәрігерлердің мәселелерін жақсы түсініп, оңтайлы шешімін табуы үшін эмпатия, шыдамдылық және оларды тыңдай білуі керек. Отбасы мүшелерін толығымен танып, ауру тарихтарын біліп, тығыз  қарым-қатынаста  болу маңызды.  Барлық  ұжымдағы  дәрігер, медбикелер  жұмыстарына  жауапкершілік, адамгершілік  деген  қағидаларды  ұмытпай  қарай білсе, өз еңбегінің  жемісін көреді  деп ойлаймын. Емдеу жөніндегі директордың  орынбасары  Лайла  Есполқызы  қазіргі  медицина  саласындағы  кейбір  жас маман иелеріне көңілі  толмайтыны  туралы айтып  өтті. Жұмысқа келген кезде  бірінші  айлық  қанша деп сұрайды. Ал, өздері енді ғана бітіріп, еңбек  жолын бастағалы тұр. Бірақ медицина  саласында  ешқандай  тәжірибе жоқ, қалай жұмыс істеймін  деп ойлайды. Сондықтан қазіргі медицина саласын бітіріп жатқан  кейбір жас мамандар  өз мамандықтарына  сүйіспеншілікпен  қараса дұрыс болады деп, өзін толғандырған ойын  айтып өтті. 

Осы 20 жылға жуық емханада еңбек етіп келген уақытында  емделуші науқастардан  алғыстар ала отырып,  Алматы  қаласы бойынша да болған әкімдерден  «Құрмет марапаттары»  мен «Алғыс хатттар» алған  маман иесі. Отбасында отағасымен 3 бала тәрбиелеп  отырған дәрігер ана. Әйел адамға дәрігер болу отбасына да, адамзатты емдеу  жауапкершілігі де қатар жүреді. Сондықтан әйел заты  дәрігер болса, отбасылық  құндылықтарды да қатар алып жүру  үлкен  еңбек жолы, оның жемісін балаларынан көру бақыт деп білуге  болады  дей  келе  сөзін аяқтады.

Аяужан ЖАЙЛАУҚЫЗЫ, Алматы қаласы
12.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТУРКЕСТАН: КОРЕЙСКИЕ ИНВЕСТОРЫ ВНЕДРЯТ ПЕРЕДОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ В АГРОСЕКТОР
Пресс-служба акима Туркестанской области - 29.01.2025 54
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ДИҚАНДАР ҚЫСТЫГҮНІ ҚЫРЫҚҚАБАТ ӨНІМІН ЖИНАП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 29.01.2025 80
2024 жылы Қазақстанда рекордтық 26,7 млн тонна астық жиналды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі - 29.01.2025 136
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ҮЗІЛІСТЕ АСЫҚ ОЙНАЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 29.01.2025 59
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 29.01.2025 89
2024 жылы Қазақстанда рекордтық 26,7 млн тонна астық жиналды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі - 29.01.2025 110

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 14015
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 12836
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16093
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 14997
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 20047