Назарбаев «КТК» телеарнасының акцияларын сатып алды

Назарбаев «КТК» телеарнасының акцияларын сатып алды

БЕСсимптомно Telegram каналы: «Нұрсұлтан Назарбаев наурыз айында шығарылған «Коммерциялық телеарна» АҚ жай акцияларының көпшілігін 500 теңгеден сатып алды Телеарнаның екі мыңнан астам жай акциялары енді «Нұрсұлтан Назарбаев қорына» тиесілі», деп хабарлайды.«Нұрсұлтан Назарбаев Қоры» қоры жалпы сомасы 1 млрд 198 млн теңгеге телеарнаның 2 396 156 жай акциясын сатып алды. Бір акцияның құны 500 теңгеден. Енді қорда 7,5 мыңнан астам жай акция бар. Қаржылық есеп 11 сәуірден бастап ашық болды. Онда: «1 198 078 сомаға бір акция үшін құны 500 (бес жүз) теңге болатын 2 396 156 (екі миллион үш жүз тоқсан алты мың жүз елу алты) дана көлемінде«Нұрсұлтан Назарбаев Қоры » жеке қорына акционерлік қоғамның жай акцияларды сатуы бойынша ірі мәміле жасау және төлемді Қоғамның жарғылық капиталына жарна ретінде қабылдансын», — деп көрсетілген. Жалпы алғанда, қосымша эмиссиямен бірге қарапайым акциялардың саны сегіз мыңнан асты. Акцияларды сатылымға шығару туралы шешім 28 ақпанда акционерлер жиналысында қабылданды. Қосымша шығарылым 2 622 850 дана болды. Нәтижесінде Назарбаев Қоры телеарна акцияларының 97пайызын сатып алушы болды. Дауыс беретін акцияларға «TV Media Advertising Agency» ЖШС және «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры» ие. «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» жеке қорының негізін қалаушы – Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Директоры – оның үлкен қызы Дариға Назарбаева. «TV Media Advertising Agency» ЖШС Қазақстандағы ең ірі жарнама агенттігі. Оны Валерий Сафонов басқарады. Ол ұзақ жылдар бойы Дариға Назарбаевамен байланысты жарнама бизнесімен айналысады. Осылайша, Елбасының үлкен қызы Дариға Назарбаева екі құрылым арқылы КТК телеарнасын бақылауды ары қарай жалғастырады.   

    Осы жерде қалың оқырман қауымның: «Қорға қаржы салған қарапайым халық қой. Оны неге Назарбаев әулеті жеке өз пайдасына жаратуы керек? «Назарбаев қоры» күллі халық қамын ойласа, президент бастамасымен құрылған қорға неге ақша аудармай, сараңдық жасады?»— деген заңды сұрақ туындайды.  

 

 

Ермек САХАРИЕВ
20.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 110
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 146
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 144
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 110
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 255
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 258
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 469
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 430

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9130
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8527
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11754
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9523
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10735