НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ АМЕРИКАЛЫҚ ИНВЕСТОРМЕН БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БІРЕГЕЙ ЖОБАНЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ АМЕРИКАЛЫҚ ИНВЕСТОРМЕН БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БІРЕГЕЙ ЖОБАНЫ ТАЛҚЫЛАДЫ
✔️Бүгін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Америка Құрама Штаттарынан арнайы келген инвестормен кездесіп, білім саласын дамытуға арналған бірегей жобаны талқылады. Қазақстанның тумасы Даяна Музан Түркістан облысында қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын балабақша мен мектеп ашу бойынша әлеуметтік жобасын таныстырды. Жекеменшік білім ұясы қазақ тілін терең меңгеріп, шет тілдерін үйрететін, спорт пен музыкаға баурайтын бірегей жоба болмақ.
✔️Пилоттық жоба батыстың еуропалық білім беру стандарттарын сақтай отырып, білім сапасын арттыруға бағытталған. АҚШ азаматшасы оқушыларға жайлы, арнайы қалашығы бар мектепке жергілікті педагогтарды жұмысқа тартпақ. Келіссөздер барысында облыс әкімі бірегей жобаның жүзеге асуына жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты.
📌– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Үкімет жұмысының басты бағыттарын айқындады. Оның ішінде білім беру саласын дамыту, инвестиция тарту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды. Жүйелі негізде біз әртүрлі елдердің инвесторларымен кездесеміз. Өңірде білім сапасын арттыруға басымдық берілген. Біз, өз тарапымыздан бұл бағыттағы жұмыстарды бюрократиясыз, қысқа мерзімде шешуге бар күшімізді саламыз, – деді Нұралхан Көшеров.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
30.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

АКИМ ОБЛАСТИ НУРАЛХАН КУШЕРОВ ВСТРЕТИЛСЯ С ЖИТЕЛЯМИ ТУРКЕСТАНА
Пресс-служба акима Туркестанской области - 13.03.2025 50
АКИМ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПРОВЕЛ ПЕРЕГОВОРЫ С ИНВЕСТОРОМ ИЗ ГЕРМАНИИ
Пресс-служба акима Туркестанской области - 13.03.2025 59
Кәсіпорында құзіреттілік орталығы ашылды
Алмас Ильясов, Қаратау құрылыс-техникалық колледжі директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары. - 13.03.2025 148

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 2070
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2305
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17195
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 15920
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19289