НҰРАСЫЛ - ӘЛЕМДІК ДОДАДА ТОП ЖАРДЫ

НҰРАСЫЛ - ӘЛЕМДІК ДОДАДА ТОП ЖАРДЫ
Жуырда ғана жерлесіміз, шулық таэквондошы Нұрасыл Қуандық Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында өткен халықаралық жарыста топ жарып, жеңімпаз атанған болатын.
Өткен жылдың наурыз айында ғана шығыс жекпе-жегінің шебері Нұрасыл таэквондодан жастар арасында ел чемпионы атанған еді. Ол осы жетістігінің арқасында Азия біріншілігіне жолдама алған. Енді міне, араға уақыт салып, Нұрасыл күні кеше ғана халықаралық додада топ жарып отыр. Қазірдің өзінде еліміздің үш дүркін жеңімпазы атанып үлгерген Нұрасыл бүгінде ҚР спорт шебері атанды. Осыған байланысты жерлесімізді, оның ата-анасы мен жаттықтырушысын арнайы қабылдап, әлемдік додадан жеңімпаз болып оралуымен құттықтап, аудан жұртшылығы атынан алғыс білдірдік. Ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Нұрасыл биылғы жылы да бірнеше халықаралық жарыстарда бақ сынамақ. Өз кезегінде Нұрасылдың алдағы додаларда топ жаратынына сенім білдіріп, сәттілік тіледік.
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі
14.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 7
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 17
 СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 02.05.2024 10
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 13

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1172
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7219
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11083
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7284
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7430