Нұрдәулет Қилыбай: ҚР Президентінің ұсынысымен басталған “Таза Қазақстан” уақытша акция емес, Қазақ даласында жаңадан басталған дәстүр

Нұрдәулет Қилыбай: ҚР Президентінің ұсынысымен басталған “Таза Қазақстан” уақытша акция емес, Қазақ даласында жаңадан басталған дәстүр

Бүгін, 10 тамыз күні «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Маңғыстау облысында ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Тазалық акциясына облыстың барлық қала, аудандарының тұрғындары, қоғам белсенділері, кәсіпкерлер, ірі компаниялар, көп балалалы аналар, мемлекеттік қызметкерлер мен депутаттар қатысты, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ақтаудағы экологиялық іс-шара ерекше форматта ұйымдастырылды. Теңіз жағасына ағаш үйлер тігіліп, акцияға қатысушыларға ыстық шай мен ас ұсынылды. Тұрғындар үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Өнерлі тұрғындар күй мен жырдан шашу шашып, сенбілікке қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйласа, жастар жағы ән шырқап, шараның шырайын келтірді. Шаһар тазалығына үлес қосуға тұтас отбасымен келгендер де болды.

Сондай-ақ, сенбілікте Каспий теңізінің асты да тазаланды. Теңіз астын тазалауға 3 сүңгуір жұмылдырылды.

Экологиялық акцияға облыс бойынша барлығы 3000-нан астам адам қатысып, 100-ге жуық техника жұмылдырылды. 300 тонна қоқыс шығарылды.

Ауқымды акцияны белсенді қолдауға көп балалы аналар, полиция қызметкерлері, депутаттар, белгілі спортшылар, паралимпиадашылар, дәрігерлер, экологтар мен энергетиктер, мәдениет саласының өкілдері қатысып, азаматтарды туған өлкені таза ұстауға, оны көркейтуге шақырды. Ал кәсіпкерлер мен ірі компания ұжымдары өз кәсіп нысанын, оның маңайын таза ұстау керек екенін жеткізді.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, қоршаған ортаны ұқыпты ұстау, табиғатты аялауға бағытталған мұндай акциялар облыс аумағында дәстүрге айналуы тиіс.

- Қала тұрғындарының белсенділігін ерекше атап өту керек. Маңғыстау – ортақ үйіміз. Барлығымыз таза көшемен жүріп, таза жерде серуендегіміз келеді. Ал ол тек өзімізге байналысты. Бұл экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үлкен шара. Қоршаған ортаны ұқыпты ұстау, өлкемізді қоқысқа толтырмау әрқайсысымыздың міндетіміз. Мұндай акциялар дәстүрлі түрде жалғасын табуы керек, - деді Нұрдәулет Игілікұлы.

10.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 70
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 592
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 708
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 621
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 631

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8767
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8166
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11395
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9149
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10380