Хирург – жедел емдеуді талап ететін ауруларды диагностикамен және емдеумен айналысатын маман. Хирургтың кабинетінде жараларды бастапқы хирургиялық өңдеу бойынша манипуляциялар, таңулар жасалады, тігістер алынып тасталады, флегмондар, әртүрлі күрделілік дәрежесіндегі абсцесс ашылады, бөтен дене денелері алынып тасталады, операциядан кейінгі емдеу кезінде бірқатар ауруларға хирургиялық әрекеттер жасалады. Бүгінде халық арасында дәрігерлер мен денсаулық сақтау жүйесі мамандарының қызметіне деген құрмет арта түскен. Өйткені, олар қарусыз майданда көзге көрінбейтін жаумен күресіп, әрбір науқастың өмірін сақтау үшін аянбай қызмет етеді. Сол себепті біздің бүгінгі күнге аман-есен жетуіміздің артында медицина қызметкерлерінің үлкен еңбегі жатыр. Біз бүгін сіздерді талай жанның өміріне араша түсіп жүрген хирург дәрігерлердің бірі, Алматы қаласы Әуезов ауданындағы №10 емхананың дәрігері Оргыбеков Нұржан Әскербекұлымен таныстырғанды жөн көрдік. «Қарапайым отбасынан шықсақ та, бала кезімізден медицина саласына баруға ынталы болдым. Әкем – Тобышаков Әскербек Оргыбекұлы, анам – Тобышакова Зәуреш Ризаханқызы, әпкем – Альмира да, мен таңдаған медицина саласына оқуға барғанды құптады. Мектепте сабақты өте жақсы оқып қызыл аттестатқа, 2012 жылы Жетісу облысы Сарқан ауданында бітірдім. Бірақ медицина саласын таңдап жүргенде, негізі санитарлық-эпидемиологиялық дәрігер мамандығын таңдап жүрген едім. Хирург-дәрігер болуыма мектептегі мұғалімдерім әсер етті. Мектеп бітірер кезде мұғалімдер болашақ мамандық бойынша бейнеклип жасап, әр оқушыға көрсетіп, тосынсый жасады. Бейнеклипта Қазақстандағы белгілі хирург-дәрігерлер туралы айта келе, мені де хирург-дәрігер маманы болады деп көрсеткен. Осы бейнеклиптен кейін хирург-дәрігер болуға шешім қабылдадым» деді ол. «Қалауым орындалып, 2012 жылы Семей медицина университетіне оқуға түстім. Университетті 7 жыл оқып бітіріп, 2018 жылы отбасын құрдым. Отбасымда сүйікті жарым Жұмағұлова Аяжан да эндокринолог-дәрігер. Асылым, Расул, Айсезім атты балалардың сүйікті анасы. 2019 жылы Алматы қаласына жұмыс іздеп келіп, осы Алматы қаласы Әуезов ауданы №10 емханаға «Амбулаториялық хирургия» орталығына жұмысқа кірдім. Бұл орталықта бөлім меңгерушісі, тәжірибелі білікті маман Дулат Ашимғалиұлымен бірге еңбек жолын бастадым. Осы уақытқа дейін білікті маман Дулат Ашимғалиұлынан үйренгеніміз көп. Еңбек жолымызда ұстаздық еткен аға әріптестерге алғыс айтамын. Қазір де үйренуден қол үзгеніміз жоқ, әркез білімділік пен оқуымды көтеріп, жан-жақты ізденіс үстінде жүреміз. Көп оқу мен ізденісті қажет ететін салада жұмыс істеп келеміз. Білікті маман атану үшін күні-түні кітап оқыдық. Әлі де оқимыз. Өйткені жаңа технологиялар күн сайын енгізілуде. Оның бәрі жан-жақты білімді қажет етеді. Амбулаториялық хирургия орталығында емделушілерге мынадай қызметтер көрсетеміз.
• блефаропластика.
• отопластика.
• оментопластика.
• Холканы хирургиялық жолмен алып тастау.
• Кез келген локализациядағы қатерсіз түзілістерді алу; (липома, атерома, фиброма, гигрома, папиллома, мозоль, т.б.)
• Сынықтан кейін сүйектен металл конструкцияларды алу; (пластиналар, бұрандалар, сымдар)
• Іріңді жұмсақ (тін) тері ауруларын ашу; (фрункул, карбункул, панариций, гидраденит, абсцесс, флегмона және т.б.)
• Тырнақтың өсуін хирургиялық емдеу; (алып тастау, шеткі резекция, тырнақ төсегінің пластикасы, тырнақ жиегінің пластикасы)
• PRP – терапия артроз кезінде
• Буынға инъекциялар
• Ауырсыну синдромы кезіндегі блокада (тізе, жамбас, иық буындары, өкше т.б.)
Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Сондықтан, менің түсінігімде дәрігер болу үшін ең алдымен адамға шексіз мейірімділік пен үлкен жүрек керек. Адамның тәнін ғана емес, жанын емдей алатын психолог бола білу де дәрігерге тән қасиет. Дәрігер болған соң, өміріңнің соңына дейін оқып, ізденесің. Ең бастысы мамандығыңды сүю керек.
Аяужан ЖАЙЛАУҚЫЗЫ,
Алматы қаласы