Нұржан Нұржігітов: Әрбір отбасының тұрақты табысы болуын қамтамасыз ету керекпіз

Нұржан Нұржігітов: Әрбір отбасының тұрақты табысы болуын қамтамасыз ету керекпіз

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес  Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің тұрғындармен кездесулері жалғасуда.

Аймақ басшысы бұл жолы Талас ауданына қарасты Бостандық және Аққұм ауылдық округтерінде жергілікті тұрғындармен кездесті. Басқосуға облыс прокуроры, полиция департаментінің бастығы және өзге де құқық қорғау органдарының, салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты. Айта кетейік, өткен жылы облыстағы әр деңгейдегі әкімдердің халықпен 1226  кездесуі өтіп, 4 мыңнан аса сұрақ қойылып, ұсыныс айтылған. Оның басым бөлігіне басқосулар барысында жауап берілсе, 20 пайыз сұрақ бақылауға алынған. Ал ағымдағы жыл басынан бері осындай 227 кездесу ұйымдастырылған. - Біздің мақсат – ауыл тұрғындарының пікірі мен ұсыныстарын тыңдау. Олардың көтерген сұрақтарын қарап, талдап, оның шешімін табу үшін жұмыс істеу, - деді Нұржан Нұржігітов Бостандық ауылдық округінде өткен жиында. Ауылдықтар тарапынан облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру жобасы аясында техника алу мүмкіндігіне қатысты, жол жөндеу, Мәдениет үйінің қажеттілігі секілді бірқатар мәселелер көтерілді. Аймақ басшысы барлық сұрақтарға жауап бере отырып, облыс деңгейінде атқарылып жатқан жұмыстарды да қысқаша баяндады. Аталған ауылдық округке қарасты 2 елді мекенде 310 аула бар.  Халық саны – 2151 адам. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 2022 жылы округтегі 13 көшеге қаржы бөлініп, асфальт төселген. Ауылда көгілдір отын, жарық, таза ауыз су да бар. Бірақ тұрғындар ауыз су тәулігіне екі-ақ сағат берілетіндігін айтып шағымданды.- Мен ауылдық округ әкімдеріне үнемі айтып келемін, таза ауыз су екі сағат емес, тәулік бойы берілуі керек. Оның ақысын өздеріңіз төлейсіздер. Жарыққа, газға, күл-қоқыс шығару секілді, бұған да осындай көзқарас қажет. Арнайы тариф бекітіліп, осы жұмыстар атқарылуы тиіс. Бұл ретте тұрғындар да ортақ жауапкершілікті сезініп, жергілікті билікпен өзара түсіністікте жұмыс істеуі маңызды. Сонда ғана нәтиже болады, - деді Нұржан Нұржігітов. Дәл осындай форматтағы кездесу Аққұм ауылдық округінде де ұйымдастырылды. Аққұмдықтар жайылым, ауыз су, жол жөндеуге қатысты сауалдар жолдап, жауаптар алды. - Біздің мақсат – халықты жұмыспен қамту. Ауыл әкімдері күніне бір үйге кіріп, ол отбасының жағдайымен танысып отыруы тиіс.  Олардың мәселелерін шешуге айрықша ден қою керек. Әрбір отбасының тұрақты табысы болуын қамтамасыз ету маңызды, - деді Нұржан Нұржігітов. Кездесулерден соң облыс әкімі Нұржан Нұржігітов округ тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

Жамбыл облысы әкімдігі
03.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 94
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 104
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 199
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 199
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 336
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 339
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 566
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 513

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9215
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8611
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11837
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9607
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10820