Нұржан Нұржігітов: Мемлекеттік қызметшілер заң мен тәртіпті алдымен өздері сақтауы керек

Нұржан Нұржігітов: Мемлекеттік қызметшілер заң мен тәртіпті алдымен өздері сақтауы керек

Мемлекеттік қызметшілер басқаларға барлық жағынан үлгі болуы тиіс. Өңірдегі жұмыстардың жемісті жүзеге асуы және тапсырмалардың нәтижелі орындалуы олардың білім-біліктілігі мен қарым-қабілетіне байланысты. Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітов кезекті аппараттық кеңесте баса айтты. Басқосуда жергілікті атқарушы органдардың орындаушылық тәртібіне жүргізілген талдау қорытындысы талқыланды. Баяндама жасаған облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Серік Әлібековтің айтуынша, ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 17769 құжат тіркеліп, оның 12438-і, яғни 61 пайызы мерзімінде орындалса, 4869 құжат бақылауда тұр. ткен жылы облыс әкімінің төрағалығымен 274 кеңес өтіп, онда 2481 хаттамалық тапсырмалар берілген. Оның 2130-і, яғни, 85,8 пайызы орындалып, 257-сі бақылауда. Аймақ басшысы атқарылып жатқан жұмыстарды көрсете білу, әлеуметтік желідегі кері байланыстың, ақпараттық-түсіндіру жұмыстыраның әлсіздігін сынға алды. - Біз өткен жылы барлық саладағы мәселелерді талқылап, кемшіліктерді реттеу, жұмыстарды күшейту, жұмысқа деген көзқарасты өзгерту бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеген болатынбыз. Тұрғындармен кездесулерде көтерілген мәселелерге де қатысты тиісті тұлғаларға нақты міндеттер жүктелген. Дегенмен, кейбір тапсырмалардың орындалмауының салдарынан нақты нәтижеге қол жеткізе алмай келеміз. Сондай-ақ, кері байланыс әлі күнге бір жолға қойылмады. Тұрғындар әлеуметтік желіде мәселе көтерсе, нақты жауап берілмейді. Олардың көшеге шыққаның күтпей, түсіндіру шараларын, атқарылып жатқан жұмыстарды алдын-ала көрсету керек,-деді Нұржан Нұржігітов.  Жиын қорытындысымен жұмысы сылбыр бірқатар жауапты тұлғаларға тәртіптік шара қолдану үшін ұсыныстар әзірленетін болды.

Жамбыл облысы әкімдігі
15.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 106
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 119
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 208
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 208
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 346
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 347
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 578
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 521

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9226
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8622
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11848
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9618
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10831