Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте президент жарлығымен жаңадан 5 министрлік құрылды. Олардың арасында су ресурстары және ирригация министрлігі бар.
Нұржан Нұржігітов туралы не білеміз
Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов 1967 жылы туған, білімі жоғары.
1991 жылы Ленинград ауылшаруашылық институтын "Инженер-механик", 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін "Экономика" мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры.
Еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы Максим Горький атындағы колхозында механик болып бастаған.
Әр жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Байзақ ауданының әкімі болды.
2021 жылы сәуірде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ал 2022 жылғы сәуірден бүгінге дейін Жамбыл облысын басқарды.