Нұх пайғамбар тауының құпиясы немесе Түркістандағы Арарат-Қазығұртта кеме қалғаны рас па?

Нұх пайғамбар  тауының құпиясы немесе Түркістандағы Арарат-Қазығұртта кеме қалғаны рас па?

Оқырманмен  ой бөлісу

Жас кезімізден ауылдағы қариялардан ерте заманда Жер бетін топан су басқанын және Нұх пайғамбардың кемесі таудың басында қалғанын естіп өстік. Кейіннен дүниетанымымыз кеңейген соң, осы Нұх кемесі тоқтаған басқа да таулар бар екенін оқып білдік.  Олардың ішінде бүкіл әлемге белгілісі – Кавказ тауындағы Арарат тауы. 

Осы күнгі зерттеулердің ішіндегі ең шындыққа жақыны болып есептелетіні Месопатамияның солтүстігіндегі Корду тауының аль-Джуди биіктігі. Тап осы биіктік сол Нұх пайғамбардың кемесі қалған жер ме, оны әлі күнге дейін ешкім тап басып айта алмайды.   

Ерте ғасырларда шыққан көне кітаптарда –  Кұранда, Таурат (Торо, Көне өсиет) және басқа да дереккөздерінде айтылғандар шым-шытыр тарихи оқиғалар желісін елестетеді. Оның негізгі себептері осы кітаптағы деректерді әртүрлі зерттеушілер өз түсінігімен аударады және түсіндіреді.  Бұл жағдай  осы оқиғаны жеке-дербес зерттеуге итермелеп, ешкімнің беделі мен билігіне қарамай, келтірілген зерттеулерге «қарсы» немесе «жақ» болмай, бейтарап және шындық тұрғысында анықтама беруге бел будым.   

Жеке жанардағы шым-шытыр оқиғаларды зерттеуді, жалпыға белгілі  осы зерттеулерде Таурат кітабындағы «кілт сөздерді» пайдалана отырып, «белгісіз таудың» биіктігін есептеп шығардым.  

Содан кейін, алынған нәтижелерді бүгінгі күнгі «кеме қалған» деген таулардың  биіктігімен салыстырдым. Зерттеу нәтижесі мені таңқалдырғаны сондай, көпшілікпен бөліскім келді. Осы шым-шытыр оқиғаның желісін әлім жеткенінше баяндап отырмын. Білімі бар, түйсігі мол оқырмандарға ұсынам. Жіберген кемшіліктерім болса, жаңа әдістемелері болса,  маған хабарласуларын өтінемін.  

Құрметпен, зерттеуші  

Нұрпейіс Тұрашұлы.

 

Нұх кемесі қалған таулардың әртүрлі  нұсқасы

Жерді топан су басқаннан бері сан мыңдаған жылдар өтті, бүгінгі өмір сүріп жатқан халықтар бұл таудың қай жерде орналасқанын білмейді. Сондықтан халық жадында аңыздар мен болжамдар ғана қалған. Ал, Жер бетін топан су қаптағандығы туралы және Нұх кемесі қалған тау туралы алғашқы американдық тарихшы Айрон Смиттің 72 тілге аударылған 80 мыңдық әдеби жазбалар зерттеулері бойынша жазылған мақалалары мен монографияларында  келтірілген. (Л.Гомберг, 5.09.2017г. https://books.google kz.) белгілі аңыздар мен болжамдарға сыни сараптама жасау

Ескі ғасырлардағы – Библия, Құранда, Ведты және тағы басқа да халықтардың ауызекі айтуларында ертезамандық адам қауымын жойып жіберген, бүкіләлемдік «Топан су» жайлы сыр шертеді.  Сол Топан су да Нұх пайғамбар бастаған (Нұх, Ману, Зиасурда) және оның отбасы аман-сау қалады. Таурат кітабында Нұх кемесі Арарат тауларында, Құранда аль-Джуди, Шумер-аккад жазбаларында Ницип тауында, ал Қазақ халқының аңызында Қазығұрт тауларында қалғаны айтылады. Сонымен, Нұх пайғамбардың кемесінің қай таудың  басында қалғаны дәл бүгінге дейін дәл анықталған жоқ. Осы жоғарыда келтірілген дереккөздердің мәліметтері бойынша, топан суды бастарынан өткізіп, аман қалған Нұх ұрпақтарынан дүниежүзінің адамзат қауымы тарады деген ұғым бар. Сондықтан Нұх кемесі қалған тау басы барлық адамзат қауымы үшін өте қасиетті жер болып табылады, себебі адамзаттың өсіп-өркендеген жері, яғни алтын бесігі.  

Ескі Өсиет географиясы

Тарихта белгілі ертедегі адамдар тарихты топан суға дейін және топан судан кейін деп бөліп қараған. (Берос, б.э.д III ғ.).

Ал, Құранда топан су қай уақытта болғаны жайлы айтылмайды, тек Нұх пайғамбардың кемесінің Аль-Джудиге тоқтағандығы ескертіледі.  (Құран, 11:44 сүре).

Ескі Өсиет кітабының бірнеше жерінде, ерте ғасырлық адамдардың қай уақытта өмір сүргені келтіріледі: «Құдай» Шығыста Едемді (Жұмақ) жерге орнатты, сол жерде Адамды жаратты» (Жар. «жаратылыс») 2:8). «Адамды жұмақтан қуды және Шығыстағы Едем бағына орналастырды (Жар. 3:24). «және Каин, Едемнің шығысындағы Нод жеріне орнықты» (Жар. 4:16).

Географиялық анықтамалар ерте ғасырлық адамдар Шығыста мекендегенін көрсетеді, одан кейін Құдайдың құдіретімен жерді топан су қаптады. (Жар. 6:5-13), ерте ғасырлық адамзат түгел қырылды, тек Нұх пайғамбар және оның адамдары аман қалды.

Әрі қарай мына мәтінінде хабарлайды, Нұх пайғамбар ұлдарынан топан судан кейін жер бетіндегі адамдар өсіп-өніп жетіліп, шығыстан  таралып, Сеннаара жазықтығына келіп тұрақтады. (Жар. 10:32, 11:2).

Тарихтан белгілі: бірінші адамзат өркениеті Месопатамия жерінде пайда болған. Алғашқы болып қалалар, жазу және өнермен ғылым дамығаны айқындалған. Ескі Өсиетте (ветхий зовет) мына жәйттер айтылады. Осы қалалардың бірінде «Халдейдегі Ура» Ибрахим пайғамбар дүниеге келген (Жар. 11:31) және еврей мен араб халықтарының ататегі болып есептеледі. Сондықтан Таурат кітабы көне жебірей тілінде, ал Құран ерте ғасырлық араб тілінде жазылған. 

Бұл кестенің мәліметтерінен байқалатыны, топан су қаптағанға дейін адамзат баласы тек Шығыста ғана өмір сүргені кітапта баяндалады. Сондықтан географиялық «Шығыс», Нұх кемесі тоқтаған тауының құпиясының негізгі «кілті» болып және оның ашылуына негіз болады.

Әрі қарай Таурат кітабында көне замандағы адамдарды қандай жергілікті табиғи ортада өмір сүрген деректері келтіріледі. «Міне, аспан мен жерді жаратқанда... әртүрлі бұталардан тұратын жазық (дала) ... жазықтағы әртүрлі шөптерден ... (Жар. 2:5). Құдай жерден әртүрлі далалық жан-жануарларды және барлық аспанда ұшатын құстарды жаратты (Жар. 2:19). Және барлық жазық жердегі аңдарды адамға тәуелді етті (Жар.. 2:20). (Жар. 3:1). Жыланға Құдай былай деді: сенің осы арбап-алдағаның  үшін сен барлық жазықтықтағы аңдар алдында қарғыс атқан боласың. (Жар. 3:14). Ал Адамға былай деді: ... және сен жазықтықтағы өсімдіктермен қоректенесің. Маңдайыңнан терің төгілгенше нан жейсің, жерге қайтып оралғанша, сенің пайда болған жерің немесе сен сүйегің күлге және күлің қайта топыраққа айналғанша. (Жар. 3:18-19).

Бұл кестенің деректерінің сараптамасы айқындап тұрғандай, көне замандағы адамдар жазықта өмір сүрген. Сондықтан жағырапиялық термин «жазық»  Нұх пайғамбардың кеме тоқтаған тауының зерттеудегі «кілті» (код) болып табылады. 

 

Ұлы топан су қандай болған?

Ерте ғасырлық кітаптар Құран және Тауратта Ұлы топан судың адамзатқа әкелген қасіретін бірдей баяндайды. Бұл туралы әр халықтың аңыздары мен болжамдарында айтылады. Тарихтағы ғылыми танымдық әдістерге сәйкес: «Егер барлық дереккөздері болған «оқиға» туралы бір пікірде болса, онда тарихшылар ол оқиғаның шынайы болғанын растайды. (Бернгейм, 1889; Ланглуа и Сеньобос, 1898). Сонымен, ерте ғасырда Ұлы топан су болғаны рас, тек ол топан су әлемнің қай бөлігінде немесе қай жерінде болған?

Тауратта жазылғандай, көне заман адамдары шығыста және жазықта өмір сүрген. Сол жерде «құдайдың қарғысы» мен ерте ғасырлық адамдардың күнәсінен Ұлы топан су қаптаған. 

 Ақылға салсақ, Нұх пайғамбар Ұлы топан су болардың алдында мыңдаған шақырым мұхиттар бөліп жатқан әлемнің барлық бұрышына барып үлгеруі  мүмкін емес. Оның негізгі мақсаты адамдарды құтқару болып табылды (осыған байланысты кеме жасады), сонымен бірге оларды «жазықтағы аңдармен және құстарды» тиеді.  (Жар. гл. 6-7).

Топан судың әлемдік деңгейде болмауына бүгінгі күндері өмір сүріп жатқан эндемикалар жануарлар мен ұшпайтын құстар: страус (Африка), киви (Жаңа Зеландия), бакландар (Галапогосстар аралы) дәлел  болады.

Әлемді топан су қаптаған болса, олардың барлығы да суға батып, қырылып қалған болар еді.  Осыдан логикалық ойдан шығатыны, Ұлы топан су әлемдік деңгейде болуы мүмкін емес, тек құрлықтың солтүстік жартысында болуы керек. Бұған куә, тарихтағы Мұз басу дәуірі. Мұз дәуірінің соңында, 10-12 мың жыл бұрын,  ауа райы жыли бастады, соның салдарынан Солтүстік Америка мен Еуразиялық континенттерінде мұздар толық еріп, Арктикалық мұздар толық еріп, тек полярлық шеңберге жақындары қалды (Гренландия, Антарктида). Осы кезде басталған бүкіләлемдік ауа райының өзгерісі күні бүгінге дейін жалғасып келеді, яғни шөл мен шөлейтке айналу (аридизация) – өзендер мен көлдердің тартылуы Ұлы дала жерінде әлі жүріп жатыр. Осы мұз дәуірінен бастап табиғаттың жаңа көріністері (өзен мен көлдің, таулардың орналасуы) пайда бола бастады. 

 

Ұлы топан судың пайда болуы

Библия және Құранда топан су қаптауы туралы: «сол күні барлық аспанның терезесі ашылып, түбі жоқ жаңбыр, қырық күн, қырық түн жерге құйылды. Судың келуі ұлғайып, топансу басталып кетті. (Жар. 7:11-12, 7:17-19). 

Содан кейін «Құдай жерге желді жіберіп, суды тоқтатты. Шегі жоқ жаңбыр басылып, аспаннан жауған нөсер тыйылды. Жердегі судың беті қайтып, жерге сіңе бастады.… (Жар. 8:1-3; Құран 11:43). Сонымен, өте күшті нөсер жауының ұзақ уақыт жаууы салдарынан, су өз арналарынан асып, топан судың қаптауына себеп болды. Сол кезеңде теңіз дауылдары (цунами) болуы, аспаннан тас құлауы (астероид) немесе басқа да өзгеше оқиғалар туралы мәліметтер жоқ. Соңында жел қалың бұлтты ыдыратып, нөсер жауын тыйылды.    

Қазіргі заманның ғылыми негіздерінің көзқарасы бойынша, егер жауын суларының булануы және жер қыртыстарына суды сіңуі ескерілмесе, онда  судың жоғарғы деңгейі жауған жаңбыр мөлшерімен анықталады. Бұл сызықтық теңдеу мына түрде жазылады:

Бұнда L-феноменологиялық коэффициент тұрақты шама (Рубин А.Б., 1984). Топан су жағдайында су ағынының (J) және жауған жауынның (X) арасында тура сызықтық қатынас бар. 

Осыдан шығаратынымыз, жауған жауын күші интенсивтілігі және ұзақтығы белгілі болған жағдайда кез келген топан судың биіктігінің деңгейін нақты анықтауға болады.

Таурат кітабының дерегі бойынша, нөсер жауынның ұзақтығы қырық күн болған. (Жар. 7:4, 7:12-17), ал жауынның күшін Әлемдік Метрологиялық Ұйымның анықтамасынан қарап аламыз. (List of weather record, Wikipedia). Метрологияның тарихында жауының көп жауған уақыты тіркелгені (құрғақ жерде) – 31,2 мм/мин. (США, штат Мэриленд, Юнионвили, 4 шілде 1956 ж.). Бұл – абсолютті нақты рекорд, яғни осы жауын мөлшерін ең жоғарғы «Ерте ғасырлық адамдарға Алланың жіберген кәрі» деп есепке аламыз. Онда, феноменологиялық теңдеуден (2), Библиялық топан судың биіктігінің нәтижесі:  31,2 мм/мин. х 40 тәулік. (х24 сағат х 60 мин.) = 1797120 мм = 1797,12м.

Сонымен, Таурат кітабындағы «қырық күн және қырық түн» жауған деген шифр сөзіне сүйене отырып, Ұлы топан судың биіктігін анықтаймыз. Бұл биіктік 1797 метрге тең. 

Нұхтың кемесі қалған таудың биіктігі

Таурат кітабында мына жағдай ескертіледі, яғни «су таудан он бес шынтақ жоғары болды» (Жар. 7:20). Онда, бір шынтағыңыз (1 шынтақ = 0,45-0,5 м), яғни судың тау басынан жоғары болуы 7,5 метр:

h=h+7,5 м.

Бұдан Нұх пайғамбардың кемесі қалған таудың биіктігі:

h1=h-7,5м=1797,12м-7,5м=1789,62м.

Сонымен Таурат кітабындағы құпия сөздерді негізге ала отырып, Нұх пайғамбардың жұмбақ тауының географиялық «бейнесін» шығарамыз.

Ол:

1. Шығыс жақта;

2. Жазық далада тұр;

3. Математикалық есеп бойынша биіктігі (1789,62м)

 

Нұх кемесі қалған жерді іздеу                                                                                       

Нұх пайғамбардың кемесі «гофер» ағашынан жасалғаны белгілі  (Жар. 6:14). Энтропии заңына сәйкес, ұзақ мерзімге жарамайтын кез келген зат уақыт өте тозаңға айналып кететіні белгілі. Оған нақты мысал Ресей патшасы Петр І ағаш кемелерінің құрастырылғаннан кейін бірнеше жылда шіріп кетуі. Сондықтан зерттеушілер үшін шіріп кеткен кеменің қалдығын іздеу емес, қайта кеме қалған таудың басы немесе тоқтаған жерін анықтағанның маңызы зор. Нұх пайғамбар және оның ұлдарынан Ұлы топан судан кейінгі  адамзат тарихының әрі қарай жалғасуы өте маңызы зор мәселе. Себебі барлық халықтардың есінде қалған жер «қасиетті» болып табылады, әлем халықтарының өрбіген «алтын бесігі». 

 

Кавказ тауының  Арараты

Ертеден келе жатқан көне атауы Масис  (тұр. Агри-Даг), Армения таулы қыраттарының Түрік жерінде орналасқан бөлігі, биіктігі 5 шақырымнан жоғары (5165м). Жер бетінің Атлас картасы нақты көрсетіп тұрғандай,  Масис тауы Месопотамияның солтүстігінде орналасқан. Ал Таурат кітабында анық жазылғандай, «көне заман адамдары Сеннаарға Топан Судан кейін        шығыстан келді делінген» (Жар. 11:2). Бұдан шығатыны, ерте ғасырлық адамдар Месопотамиға солтүстіктен келуі мүмкін емес, себебі Масис тауы Месопотамияның солтүстігінде орналасқан. Тарихты тексерудің көне әдісінде былай жазылған: (Бернгейм, Ланглуа и Сеньобос): «Егер екі мәлімет көздерінің мәтіндері алшақтаса, онда тарихшы беделді тарихшының дереккөздерін таңдайды. Осындай кітаптың бірі және бірегейі Алла түсірген Таурат (Библия) кітабы болып табылады. (Энциклопедический  словарь Брокгауза и Ефрона, СПб., 1890-1907, 86т.).

Масис тауы армяндар дәстүрінде Нұх кемесі қалған жермен байланыстырмайды, бірақ ХІ ғасырға дейін олар Нұх пайғамбардың кемесі қалған жерді Корду тауы деп есептеп келді (Кавказ тауының тарихнамасын қосымшасын қараңыз). Сонымен, ақыл-ойдың логикалық қарама-қайшылығы болмағандықтан, Масис тауы Библиялық Арарат болып есептелмейді. 

 

Аль-Джуди

Мұсылман дәстүрінде аль-Джуди Нұх пайғамбардың кемесі тоқтаған жері болып есептеледі. Арабтардың аңызы бойынша, қазіргі Сауд Арабиясының жері Нұх пайғамбардың кемесінің қалған жері (РИА новости//ria ru.01.12.2018).

Сауд Арабиясы мемлекеті Арабиялық жарты аралының 80 пайыздық жерін алып жатыр. Батыс жағында, Қызыл теңізді жағалай аль-Хиджаз таулар тізбегі созылып жатыр. Сауд Арабийлық таудың ең биік жері – Жабаль-эль-Лауыз шыңы (2580м). Бірқатар зерттеушілердің (Рон Уайетт, 1978; Боб Кирньюк, 1988) пікірінше, Библияда көрсетілген Синай тауы осы жерде (ru.m.wikiрedia.org). Арабии жерінің басым көпшілігі құрғақ және жартылай құрғақ шөлейт аудандар. 

Месопотамиға (Ирак) Джуди атауы арабтар жаулап алуынан соң берілді.  Қазір Джуди (араб. – Аль-Джуди; арамейиялық. – Корду; түрікше.-Cudi, Джуди) Түркияның Оңтүстік-Шығысында Ширак аумағында орналасқан, биіктігі екі шақырымнан жоғары (2089м) тау деп есептеледі.

Нұх пайғамбардың кемесінің қалған жері, күні бүгінге дейін аңызға сенушілердің арасында пікірталас туғызып келеді. Бұл Арарат тауының шыңы, Джуди немесе тіпті басқа тау болуы мүмкін (Ю.Ильхан //account.travel).

Жай картография әдісі, Арабия жарты аралы Месопотамиялық (Ирак) Оңтүстік-Батысында орналасқандығын көрсетіп тұр. Сонымен, географиялық салыстырмалы зерттеу әдісі, Арабиядағы Аль-Джуди, Ирактың немесе Түркияның солтүстігіндегі Арарат таулары Библия кітабындағы суреттелген Нұх кемесі қалған таудың географиялық орындарымен (шығыста, жазық) сәйкес келмейді.   

 

Ницр тауының географиясы

Көне замандағы шумер аңыздарында Шуруппак елінде Заусудра патша және абыз болып тұрған кездерде топан су жайлы мәліметтер  (б.б.з.1600 жыл бұрын) келтірілген. Шуруппак шумерлердің төменгі Евфраттағы қала (қазіргі Телль-Фара қалашығы, Ирак). Гильгамеще (Бильгамеше) эпос жырында (эпос) «Барлығын білетін» Утнапиштим Ұлы топан су жайлы былай дейді: Энлиль құдай топан суды жасады және одан кемеде аман қалған адамдар болды. Утнапиштим – аккад есімі, Заусудра есімімен сәйкес келеді. Құдай Еа жақсы көретін «өзінің сүйіктісін және өзіне берілген адамды» Евфрат өзенінің жағасындағы Шуруппак қаласының билеушісі Утнапиштимді құтқаруды шешті. Топан судан кейін кеме Ницир тауына тоқтады. Қазіргі кезде осы тау  Пир-Омар Гудрун деп аталады. Бұл тау Иранның таулы қыраттарының оңтүстігінде, Шуруппактың солтүстігінде 450 шақырымда орналасқан, биіктігі 400 метрге жуық. (www.cawater-info.net).

 

Гималай таулары

Үнді елінің Ұлы топан су туралы аңызы Шумер жазбаларындағы суреттемелерге ұқсас және үндес. Сонда да, кейбір айырмашылықтары бар. Ведическикалық жазба мәтіндерінде («Шатапатхе Брахмана») топан су құдай құдіретімен және адамдардың күнәсінен емес, топан судың қаптауы әлемнің кезекті ауыстырылымдылығымен түсіндіріледі: «Әлем туады, өседі, өледі, жаңарады және қайтадан туады», ал топан су ескі әлемнің кезекті жойылуының үдерісі болып табылады. Аңыздарға сәйкес, адамдардың алғашқысы Мануды топан судың қай уақытта болатынын балықтар ескерткен.  Ману кеме жасап, топан су қаптаған кезде балықтың қанатына кемені байлаған. Сосын, солтүстіктегі  алыстағы тауға жүзіп келген. Тауда  су қайтқанша тұрған да, су қайтқан соң таудан түскен. Таудың еңес (склон) жағы «Ману еңесі» деп аталады. Топан судан барлық тіршілік иесі жойылып, тек Ману аман қалған. Манудан адамзат қауымы пайда болған (www.booksite.ru).

Ал, индустардың өздері «солтүстік тауды» Гималай таулары деп есептейді, себебі олар Үндістанның солтүстік жағында орналасқан.

Тау сілемдерінің орташа биіктігі шамамен алты шақырымдай, ал Эверест (Джомолунгма) шыңы 8848 метр. 

 

Парнас тауы

Парнас – Коринф шығанағының солтүстігіндегі Грецияның орталығындағы тау сілемдері. Ерте ғасырларда Аполлон құдайының ұйықтап жатқан бейнесіндегі киелі тау болып есептелді. Ең жоғарғы нүктесі 2455 м. Тау түгел орманмен қапталған, ұшар басында қар жатады. Аңызға сүйенсек, Зевс құдай адамдардың бұзылған көңілдерін көріп, оларды жою үшін топан су қаптатқан. Прометейдің ұлы Девклион әкесінің ақылы бойынша өзіне және әйелі Пирраға кеме құрастырады. Он күн бойы жауған нөсер жаңбырдың кезінде Пирра тауына келеді, сол жерде Девкалион құдайлар мен адамдардың әкесі Зевстің құрметіне құрбандық шалады, кейін Девкалионның тілегі қабыл болып, адам баласы қайтадан тіріле бастайды. Девкалион – гректердің аңыз бойынша Ұлы топан судан кейін тірі қалып, әйелі екеуі адамдардың жер бетіне таралуына себеп болғандар.

 

Түркістандық Арарат

Ертеден келе жатқан қазақша аты Қазығұрт тауы – Қазақстанның Түркістан облысындағы Шымкент қаласының оңтүстігіне қарай, жазықтықта орналасқан, биіктігі – 1786 м.

В.И.Масальскийдің (1913) Түркістан өлкесі туралы анықтамасында Түркістан Арараты – Қазығұрт тауы туралы жазбалар қалдырған. Бұл тау тек жергілікті жердің тұрғындарымен ғана «әулие жер» деп аталмаған, тау қыратында Нұх пайғамбар кемесі қалған жер деп есептейді.  (Масальский В.И. Туркестанский край. //Россия- СПб, 1913, -т ХХІ – 869с).

Қазақ елінің аңызы жергілікті жердің тау қыратында Нұх кемесі тоқтаған делінеді, ал жергілікті адамдар, тау қыраты басын «Кеме қалған»  деп атайды. Бұл тау туралы ерте ғасырлық «Қорқыт туралы аңыз» кітабында айтылады. Ақын, дала ойшылы, философ, Асан Қайғы (ХVғ) «құдайдың көзі түскен Қазығұртқа, Нұх пайғамбардың кемесі тоқтаған». (https://zona kz.net 07.2005).

Сол ерте күндерден бастап, ерте ғасырлардан бері Қазақстанда дәстүрлі  Наурыз күнін, табиғаттың жаңаруы және жаңа өмірдің бастауы ретінде аталып өтіледі. 

P.S. Сіздердің көңілдеріңізді мына өте тамаша және ерекше жағдайға аударғым келіп отыр. Нақты деректер нәтижесінде Түркістан Араратының биіктігі (1786 м), ал Нұх пайғамбар тауының биіктігі теориялық есептеу бойынша (1789,62 м). Математикалық есептеу бойынша мынандай қателік көрсетеді: 

=1789,62 м -1786 м = 3,62 м

1786 м – 100%

3,62 м – х%

х = 3,62 х 100 = 0,2%.   1786

Осы есептеудің мәліметтері көрсетіп тұрғандай, түркістандық Арарат, бұл шындығында нағыз  Библейлік Арарат.  Бұл тау күні бүгінге дейін әлі сол қалпында өз орнында тұр. Жергілікті халық мұны ерте заманнан бері біледі және Қасиетті тау деп қадірлейді. 

 

Әзербайжандағы Гемигай тауы

Нахчиван қаласының атауын кейбір ерте ғасырлық жазбаларда Нұх пайғамбардың есімімен байланыстырады, қала атының аудармасы «Нұх Пайғамбар тоқтаған жері» немесе «Нұх пайғамбар келген жері» дегенге саяды. 

Аңыздар бойынша Нұх пайғамбардың кемесі Иландаг (Жылан тауы) қасынан жүзіп өтіп, Гимигая (Кеме қия) тауына тоқтады. Бұл тау Ордубай ауданының Насраваз ауылының жанында, 3917 м биіктікте орналасқан  (Зейналов А.Е. Родина Ноя – Нахчиван, Москва, 2012).

 

Өзбекстанның Нұртауы 

Ұзындығы 170 шақырым, биік жері 2169 м болатын, Өзбекстанның таулы қыраттары оңтүстігінде шөлейт (пустыня) Қызылқұмға, Солтүстігінде Самарқан қаласының жанындағы Лянгар жеріне тіреледі. Аңыз бойынша, осы жер Нұх пайғамбардың тоқтаған жері. Лянгар ауылы тау арасындағы тар жытқылдарында орналасқан, ол Тахку тауының басына дейін (2004м). 

Ерте кезеңдерде биік жартастың басында табынатын жер болған деп айтылады және сол жерді Нұх пайғамбардың тоқтаған жері болып есептеледі. Табынатын жер тозған, бірақ аңыз біздің кезеңімізге дейін сақталған   (А.Кудряшов, 2020).

                                      

Сүлеймен – Тахте тауы

Иранның солтүстік-батыс жағында орналасқан тау Соломон Тәжі (трон) деп аталады, құзды шың, жан-жағы еңселі тік жарлармен қоршалған. Ең биік нүктесі – 4659м. Ирандық зерттеушілер Қап тауының Араратын Библия  тарихындағы айтылатын тау емес деп есептейді. «Нұх пайғамбар ізбасарлары Месопотамия жазықтығына солтүстік жақтан түсу мүмкін емес: олардың жолында өткізбейтін биік тау қыраттары бар, ал ең оңай жолы Евфрат өзені болуы керек, ал бұл Кітаптың 11-бөліміне қарама-қайшы келеді. Кітапта Нұх пайғамбардың ізбасарлары Месопотамияға шығыстан келгені айтылады, бұған Ирандағы Библии қоғамының зерттеушілері толық сенім білдіреді. Библии Урарту туралы біздің эрамызға дейінгі ХІІІ бастап VІ анықтамаларының барлығын оқып, ирандық зерттеушілер мынандай шешімге келді, яғни Нұх пайғамбардың кемесі қалған тауды Иранның солтүстік-батысынан іздеу керек, ал археологтардың пайымдауынша, Библиядағы сөз Тахте Солейман тауы болуы мүмкін. Сыншылар ирандық ғалымдардың жасаған таңғажайып теориялық пікірлерінің  мүмкін еместігін ескертеді (ria.ru 1.12.2018).

Кезінде араб тарихшысы ат-Табари былай деген, персиялықтарда Иранның тау үстін мекендейтін елдердің топан су туралы аңыздары жоқ (ат-Табари, Лейден, 1964).

 

Шешендердің Садой-Лам тауы

Бұл тау республиканың Чеберлен ауданында орналасқан. «Кеңінен тараған аңыздар бойынша және мұсылман ғалымдарының ұсынған теорияларына сәйкес Нұх пайғамбардың кемесі солтүстікке қарай жүзіп отырып, Қап тауларында құмға отыруы мүмкін», –  дейді  шешен халқының мүфтиі Салах Межнев. Шешен халықтарының ішінде нохчи - Нұх пайғамбар балаларынан тараған ұрпақтар деген пікір бар. (Муфтият Чечни…, 2018) Шешенстандағы «Садой – Лам» тауы, теңіз деңгейінен 1611 м  биіктікте тұр.

 

Биік тауларда өмір сүру мүмкін бе? 

Масис тауы Месопотамияның солтүстік тізбектеріндегі ең биік тау болып есептеледі (5165м), бірақ, Кавказ тауындағы Эльбрус одан да биік. (5642м), ал ең биік таулар Солтүстік Гималайдағы Эверест (8849м) шыңы.

Биік шыңдарын қар шалған бұл тауларды топан су қаптауы ақылға симайтын нәрсе немесе тек қиял мен қиялданудың бір көрінісі болып табылады. Белгілі геолог Р.Баландин (2004) өзін математикалық есептеулерінде: «Биік таулардың шыңдарын су басу үшін, қазіргі аумағы (мұхиттар, көлдерде т.б.) сулардан 2-3 есе су көп болуы керек. Бұндай сулардың  қайдан келуі мүмкін және топан судан кейін қайда кетуі мүмкін? 

Тіпті, теориялық тұрғыдан осындай «бұлттан әрі» биіктікті топан су қаптады дейік, онда тауда оттегінің жетіспеуі себептерін ескеруге тура келеді. Тауларда 3000 метрлік биіктігінде «тау ауруы» тез дамып, тірі организмде «ауа жетіспеушілігі – гипоксидны» тудырады. Адамның басы қатты ауырып және мидың қабынуына алып келуіне мүмкін.

Сонымен қатар, мына себеп-салдарды: жаз кездерінде тау шыңдарында аяз – 25оС, ал қыста –40оС дейін төмендейді және тау басындағы дүлей дауылдың до 150 км/с дейін болатынын ескеру керек. Әрине, бұндай ауа райының экстремалды жағдайында, арнайы дайындығы жоқ адам өмір сүре алмайды. Тауға шығу үшін арнайы дайындық, киім және құрал-жабдық та керек. Сондықтан Эльбрус, Эверест және басқа да биік тауларға шығуда, тіпті альпинистердің арасында өлім айтарлықтай бар. 

Жоғарыда келтірілген мысалдарға сүйене отырып, бұндай таулардың биіктігінде Нұх пайғамбар және оның адамдарының бір сағат та өмір сүре алмайтыны сөзсіз.

 

Әртүрлі биіктіктегі тау бастарын топан су басу уақытының ұзақтығы

Сызықтық феноменологиялық арақатынастан (2) көрінетіні, жаңбыр күшінің белгілі болған жағдайда (Х), кез келген топан судың (1) биіктігін есептеп шығаруға болады. Құрғақ жердегі жауын жауу күшінің рекорды 31,2 мм/мин. Бүкіләлемдік  сәйкес келмейді Метрологиялық ұйымның жарыққа шыққан мәліметтеріне сүйене отырып, (List of weather record. Wikipedia) кез келген су басқан жердің биіктігін шығаруға болады. Бір сағат нөсер жаңбыр мына суға толтырады:

31,2 мм/мин.  х 60 сағ. = 1872 мм = 1,872 м.

Бір тәулікте:

1,872м х 24 сағ. = 44,93м.

Осы мәліметтерден шығатыны, нөсер жауының осындай жиілікте жаууы, Ницир тауын (<400м) мына уақытта толтырады екен. 

1 тәулік – 44,93м.

(х) = 1 х 400м =9 тәулік.

44,93м

Осыған сәйкес, түркістандық Арарат-Қазығұртта  (1786м) судың басуы мынандай уақыт алады.

1 тәулік – 44,93м.

(х) тәулік. – 1786м.

х =1 тәулік  х 1786м = 40 тәулік.

44,93м

Осы шынайы деректерді негізге ала отырып, басқа да таулардың басына қанша уақытта су баса алатынын есептеуге болады: Корду тауын (2089м) су басуға 47 тәулік, Арабиядағы аль-Джудиді (2580м) 58 тәулік, Тахте-Сулейман тауын (4569м) 103 тәулік, Кавказ тауындағы Масис биіктігін 115 тәулік және Эверест шыңын 197 тәулік.

3-4 кестенің мәліметтері нақты көрсетіп тұр, библиялық көне жазбадағы «кілттік» сөздер (шығыс, жазықтық, қырық күн тек қана Түркістан Арарат географиялық сипаттамасына толық сәйкес келіп тұр. Сонымен, басқа аңыз бен болжамға негізделген нұсқаларды ойдан құрастырылған  мифтер деуге толық негіз бар.

Логистикалық байламдардан кейін, Библиядағы келтірілген Арарат, құрандағы аль-Джуди-де Ману аңыздағы және Қазығұрт «солтүстік тау», бұл бәрі де бір таудың әртүрлі атаулары. 

Тарихшы Абылғазының (ХVІІ ғасыр) кітабында былай айтылады: «Нұх пайғамбар өзінің ұлдарын әлемнің барлық бұрышына жіберді. Үлкен ұлы Семді Иран жаққа, Хам есімді ортаншы ұлын Үнді жаққа, ал кіші ұлы Иафетті  солтүстікке – Еділ мен Жайық жағалауына бағыттады». Тек, Абылғазы аль-Джудиді Шам еліне теліп, Мосул қаласының жанында деп атайды, сол кездегі араб тарихшылары арасындағы ұғым солай болған. Біздің пайымдауымыз бойынша, халықтың таралуы түркістандық Арараттан бастау алуы керек, бұл болжамымыз библиялық жазба деректеріне сәйкес келеді: «Нұх пайғамбардың ұлдарынан жер жүзіндегі адамдар тарады. Шығыстан  қозғалған олар, Сеннар жерінде жазықтықты тауып, сол жерлерде мекендеп қалды. (Жар. 10:32, 11:2). Белгілі жәйт, семит халықтары (арабтар, еврейлер, палестиналықтар және т.б.) Азияның батысында өмір сүріп жатыр. Бірінші адам Ману туралы индиялық көне аңыздарда «солтүстіктегі тау» тауға тоқтағандары айтылады. Әлемдік картада түркістандық Арарат  шындығында Индияның солтүстігінде, далалықта орналасқан.  

Тарихтан белгілі мәлімет арий тайпалары Үндістанға біздің эрамызға дейін, солтүстіктен Ұлы Дала жақтан көшіп келген. Иафеттен үнді-еуропа  халықтары тараған – түріктер, славяндар, гермендықтар, ирандықтар және тағы басқалары. 

 

«Qazaqstan dauiri» газетінің ұсынысы:

Ғалым Нұрпейіс Киікбайдың нақты дәлелдемелері сәйкес келуіне орай бүкіл Алаш жұртынан сүйінші сұрасақ, артық емес қой деп ойлаймыз. Түркістан облысында орналасқан Қазығұрттың «Кеме қалған» тауында шындығында да Нұх пайғамбардың кемесі келіп орналасып, адамзаттың жаңа тіршілігі басталған деп айтуға толық негіз бар. Тек мұны жай ғана айтып қоймай, мемлекеттік тұрғыда қамқорлық жасап, тез арада Нұх пайғамбардың кемесі қалған Қазығұртты әлемге танытуға барлық шараларды жасауымыз тиіс. Оған арнайы комиссия құрып, бұған тиісті мамандарды, ғалымдарды жұмылдырып, ғылыми тұрғыда құжат дайындалғаны абзал. Егерде осы болжамымыз нақтылыққа айналса, онда Қазақстан Республикасына мынадай тамаша мүмкіндіктер туындайды. 

1. Қазақстанды төрткүл әлем таниды.

2. Туризмді дамытуға кең өріс ашылады.

3. Туристер өздерімен бірге миллиондап қаржы әкеледі.

4. Ұлттық салт-дәстүрлерімізді кеңінен жарқырата көрсетуге мүмкіндік туады.

Ең бастысы бұл жаңалық ұлтымызға таудай рух әкеледі. Жаңалығымыз құтты болып, ұзағынан сүйіндіргей. Әумин!

Нұрпейіс Тұрашұлы Киікбай
06.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 21
ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 54
ТҮРКІСТАН: «ЖЕТІСАЙ» КОМАНДАСЫ ТУРНИР КЕСТЕСІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 36
МАҚТААРАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 62

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1207
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7253
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11118
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7317
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7464