Нысана көздеуден Қазақстан командасы Париж Олимпиадасында қола медальге қол жеткізді. Пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сәтпаев пен Александра Ле сәтті өнер көрсетті. Қола медальге таласта Қазақстан командасы Германияны 17:5 есебімен жеңді. Осылайша, Қазақстан қоржынына Париж Олимпиадасының алғашқы медалі түсті.
Пневматикалық тапаншамен нысана көздеуден (10 метр) әйелдер арасындағы іріктеу сыны аяқталды. Бұл жаттығуда Қазақстан атынан Ирина Юнусметова сынға түскен болатын. Іріктеуден өту үшін алғашқы 8 спортшының қатарына ену керек. Ал Юнусметова 11-орыннан көрінді. Осылайша, Ирина жарысты аяқтады.
30 шілдеде Дзюдо күресінен 81 келі салмақта Абылайхан Жұбаназар, әйелдер арасындағы бәсекенің 63 келі салмақ дәрежесінде Эсмигүл Куюлова бақ сынайды.
Бокстан ерлер арасында Нұрбек Оралбай (80 келі) мен Сәкен Бибосынов (51 келі) Олимпиада ойындарындағы алғашқы жекпе-жектерін өткізеді.
Стенд атудан жекелей сында Мария Дмитриенко ел намысын қорғайды.
Ендеше қазақстандық спортшыларымыз жеңіске жетсін деп сәттілік тілейік!