Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға Тараз қаласынан жазылған азаматтар бірқатар мәселелерді көтеріп, өтініштерін жеткізді.
Атап айтқанда, Халима Сейсенбаева есімді қала тұрғыны баспанаға кезекке тұрғызып беруді сұрайды, Ал Гүлназира Усербаева жеке тұрғын үй салуға жер телімін сұрады.
Қабылдауға жазылған басқа да азаматтар әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектігі бойынша зейнеткерлікке шығу және өзге де мәселелерді көтерді.
Облыс әкімі азаматтардың өтінішіне жіті көңіл бөліп, барлық мәселелер тиісті заңнамалар аясында қарастырылатынын атап өтті.
Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.