Облыс әкімі Таластағы ауылдықтардың талап-тілегін тыңдады

Облыс әкімі Таластағы ауылдықтардың талап-тілегін тыңдады

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің Талас ауданына жұмыс сапары Үшарал ауылдық округінің тұрғындарымен кездесумен басталды.

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өткен кездесуге құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты.

2209 тұрғын тұратын округ Үшарал, Қайыр, Арал елді мекенді қамтиды.

Өткен жылы ауылдық округте тіркелген 37 шаруа қожалық малды асылдандыру бойынша  57 691 500 теңге көлемінде субсидия алса, ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 14 шаруа қожалық 22 933 000 теңге көлемінде субсидияға қол жеткізген.

Сондай-ақ, биыл ауылдық округ бойынша 14 азаматтан мал бордақылау, сүт өнімдерін өндіру, тігін цехін ашу және кондитерлік өнімдер дайындау бағыттарында қайтарымсыз грант алу туралы өтінім қабылданды. Қазіргі кезде, сүт өнімдерін өндіру бойынша 1 азаматшаға қайтарымсыз грант тағайындалған.

Бұдан бөлек, осы жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Үшарал ауылының ішкі жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде. Атап айтқанда, Үшарал ауылындағы Шығыс, Е.Шөмішбайұлы, Ж.Бөпетаев, Мешіт, Амантоғай көшелеріне асфальт төселіп, Ә,Сағынтаев көшесінің бойынан жаяу жүргіншілер жолы салынады.

«Ауыл аманаты» жобасының бес бағытына сәйкес округ бойынша 197 жобаға 524,716 млн. теңге қаражат  беріліп 1958 бас мал сатып алынған.

Жоба аясында үй іргесіндегі жерді игеру және сатып алынған мал өнімдерін өткеру есебінен 2019-2022 жылдар арлығында 1 отбасына шаққандағы орташа табысы 105 623 теңгені құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 40 550 теңгеге артқан.

Кездесуде ауыл тұрғындары елді мекеннен облыс орталығына қоғамдық көлік қатынасын жолға қою, мектептің ішкі жылу жүйесін реттеу, жол жөндеу, ауыз су секілді мәселелерді көтерді.

Аймақ басшысы барлық сұрақтарға облыс деңгейінде атқарылып жатқан жұмыстарды негізге ала отырып, жан-жақты жауап берді.

- Біздің негізгі міндетіміз - тұрғындарды тұрақты табыспен қамту бойынша жұмыстар жүргізу. Мемлекет тарапынан берілетін көмектерді әр аулаға жеткізу маңызды. Бұл тұрғыда аудан, ауыл әкімдері тиісті жұмыстарды өз деңгейінде ұйымдастыра білуі тиіс. Барлық мәселелер облыстың, ауданның кешенді даму жоспарында қамтылған. Соған сәйкес, рет-ретімен шешімін табатын болады,-деді Нұржан Нұржігітов.

Кездесуден кейін облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Айта кетейік, облыстағы барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен былтыр 1226 кездесуі өтсе, биыл 800-ден аса кездесу ұйымдастырылған. Оның 37-сі облыс әкімінің қатысуымен өткен.

Бұдан соң аймақ басшысы Үшарал ауылындағы «Ақбас» шаруа қожалығының жұмысымен танысты.

Шаруашылықтың 420,59 гектары шабындық, 702 гектары жайылым жері бар. 10 -15 адамды жұмыспен қамтып отырған шаруашылық қажетті техникалармен қамтылған.

1000 басқа арналған мүйізді ірі қара бордақылау алаңы жобасын жүзеге асыруға ниетті. Ол үшін “Бизнестің жол картасы 2020-2025” бағдарламасы аясында инфрақұрылым тартылмақ.

605 бас ірі қара, 3297 қой, 700 бас жылқы, 167 түйесі бар шаруашылықтың жұмысын облыс әкімі жақсы бағалап, мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласына жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын жеткізді. Соған сәйкес, шаруалар да өнімді еңбек ету керектігін баса айтты.

Жамбыл облысы әкімдігі
30.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 137
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 57
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 174
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 171
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 137
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 282
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 284
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 500
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 457

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9154
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8554
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11781
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9549
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10762