Өлгендегі жоқтауы сақталған Алып Ер-Тұңға деген кім?

Өлгендегі жоқтауы сақталған Алып Ер-Тұңға деген кім?

Өлгендегі жоқтау жыры сақталып, бұл жыр бүкіл Түркі халықтарына әйгілі болған Алып Ер-Тұңға (Алып Ер-Түңке) – Еуропа асқан ғұндардың Украина жерінде отырған кезіндегі билеушісі. Ол уақытта ағылшындар сияқты ң дыбысын нг деп айтатын кезеңіміз. «Тұңға» сөзі кейінгі ұрпақтың қойынындағы тарихта Тон, Дөң болып сақталған. Ол көзсіз ер болғандықтан, елі ардақтап есіміне қара сөзін қосқан. Сонымен, ол Қыпшақ шежіресінде Қара-Дөң атанады. Әлі күнге дейін славяндар нағыз ерді герой деп атаса, Түркілер герей, керей деп, Ауғанстандықтар мен Арғындар қара деп атаған. Қазақ ер деп г, к, қ дыбысының уақыт өте келе тілден түсіп қалған нұсқасы бойынша айтады. Ол Еуропаға аттанған ғұндарды 412-420 жылдары басқарды. Ол өте әйгілі адам болды. Дунай өзені оның атымен аталды. Дунайды Венгрлер Дуна деп атайды. Қара-Дөңнің аталастары мен ұрпақтары Қара-Қыпшақ атанды. Ол өлгенде тағына ұлы Бұлтың отырды. Қара-Дөңді Еуропа тарихы Харатон деп жазса, Бұлтыңды Влдин деп жазады. Қара-Дөңнен бастап Аттиланың ақырына дейін ғұндар Дунайдың бойынан шықпады. Алыс жорықтарға аттанса да, қайта айналып табатын қазығы Дунай еді. Дунай бойындағы ғұндардың бабалары жатқан балбалды зираттарын бүлдіру үшін еуропалықтар көп зиянды әрекетке ұмтылатын. Ғұндар бұлай істеуге дәті барғандардың жазасын ауыр қылып, бір адам үшін бір елді шабудан тайынбайтын. Ал, Ер-Тұңғаны Ирандағы Афрасиабпен шатастыру ескі тарихшылардың болжамынан келіп шыққан. 

 

«Қазақтың жоқтау жырлары» кітабынан алып сол жоқтау жырды осы араға келтірейік: 

 

Алып Ер-Тұңғаны жоқтау 

 

Алып Ер-Тұңға өлді ме?

Опасыз дүние қалды ма?

Заман өшін алды ма?

Енді жүрек жыртылар…

Бектер атын болдырып,

Қайғы оларды солдырып,

Меңді жүзі сарғайып,

Запыран рең сүртілер.

Бөрідей жұрт ұлысып,

Айқаймен жаға жыртысып,

Өкірген үнін өшіртіп,

Жылаған көзден жас өрер.

Көңілім ішті жандырды,

Жазылған жара жаңғырды.

Кешкен күндер көзге ұрды,

Күн-түн демей ізделер.

Тағдыр кезін келтірді,

Ұры тұзағын ілдірді.

Бектердің бегін ап кетті,

Қашса қалай құтылар?!

Тағдырдың күнін тербетер,

Пенденің күшін меңдетер.

Фәниді жұрттан тазартар,

Қашсаң тағы артылар.

Тербетер салты мұндай-ақ,

Бұдан да басқа сыр көп-ақ.

Заман атса кезеп-ақ,

Таулардың басы күйрелер.

Оған атса дәл кезеп,

Кім тоқтатар көлбеу кеп?!

Тауды атса көздеп кеп,

Шың шатқалы қарқырар.

Замана түгел күйреді,

Білімді жақсы сиреді.

Жаман-жәутік түптеді,

Ізгі бектер шертілер.

Білімді батыр жүнжіді,

Замана аты жаншыды.

Ізгілер төні жидіді,

Жерге тиіп сүртілер.

 

 

Көкбөрі Мүбәрак Қизатұлы
25.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 76
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 80
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 182
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 182
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 322
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 325
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 547
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 493

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9197
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8594
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11822
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9591
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10805