«Көпсалалы қалалық ауруханаға заманауи компьютерлік томограф орнатылды. Жаңа құрылғының мүмкіндіктері кең, сапалы суреттер жасайды.Енді науқас дәл диагноз бен сапалы емдеу қабылдай алады. Сондай-ақ, Көпбейінді қалалық ауруханаға алдағы уақытта жаңа МРТ аппараты сатып алынады.Жыл соңына дейін балалар облыстық ауруханасына да заманауи МРТ аппаратын орнатамыз», – деп жазды облыс әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желілердегі парақшасында.
Тұтастай алғанда облыстың емдеу мекемелеріндегі КТ саны 5 жыл ішінде екі есе артты. Тиісінше, КТ тексерулерімен халықты қамту 2,5 есе өсті. Егер 2017 жылы КТ-ға 12,5 мың тексеру, өткен жылы 30 мың тексеру жүргізілді.
Жоғары дәлдіктегі жабдықтың болуы өз нәтижелерін береді. Облыс бойынша туберкулезбен ауыру 2 есеге, онкологиядан өлім-жітім 24% - ға төмендеді. Әйелдерде онкология ерте кезеңде анықталады. Ең бастысы – адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау. Қызылжар өңірінде бұл басты құндылыққа ерекше назар аударылады.